Қаратауда фосфоршылар қоныс той тойлады

Қаратауда фосфоршылар қоныс той тойлады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Талас ауданында болып, бірқатар нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.

Солардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алып, өз қызметкерлеріне берген Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үй де бар.

Облыс басшысы «Қазфосфат» ЖШС-ның демеушілігімен қайта жаңғыртудан өткен 72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің кілтін тапсыру жиынына қатысты. 1984 жылы салынған, жалпы ауданы 5057,4 шаршы метрді құрайтын бес қабатты үйді қайта жаңғыртудан өткізу жұмыстары биыл 1 маусымда басталған болатын. Жалпы сметалық құны 1200 миллион теңгені құрайды, бас мердігері – «Строй Интеграл» ЖШС. 72 пәтерден тұратын бұл үйде бір бөлмелі – 20, екі бөлмелі – 30, үш бөлмелі 22 пәтер орналасқан.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» ЖШС-ның Талас және Сарысу аудандарында қолға алып жатқан игі істерін атап өтіп, кәсіпорынның басшылығына алғысын айтты. Өз сөзінде «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры Нұрхан Нұрланов қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, кәсіпорынның бір топ қызметкерлеріне, еңбек ардагерлері мен көпбалалы отбасыларына пәтер кілтін табыс етті.

Осы күні баспаналы болу бақытына ие болғандардың бірі – Мақсат Жұмабеков. Мақсат «Қазфосфат» ЖШС-де машинист-бульдозерші болып жұмыс істейді. Бес баласы бар отбасы 4 бөлмелі пәтерге ие болғанын қуана жеткізді. Ол осы уақытқа дейін Көктал ауылында тұрып келген екен.

 

 

Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 миллион теңге қаржы жұмсаған.

Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды.

Көркем гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, Анаға тағзым орталығы, Ана мен бала сквері және тағы да басқа нысандар бой көтерді. Бұлардың барлығы демеушілердің қолдауымен іске асты.

Бүгінгі «Үшбұлақ» жағалауын да өңіріміздегі ірі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС салып беріп отыр. Бұл жағалау тараздықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналарына сенімдімін, – деген аймақ басшысы аталған компания басшылығы мен жұмысшыларына тұрғындар атынан алғыс айтып, Алғыс хат табыстады.

– Тараз – тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Тарихы терең қаланың ажарын арттыру жолындағы біздің жұмысымыз өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Осыған өз үлесімізді қосқанымыз біз үшін үлкен мәртебе. Шаһарымыз көркейіп, дами берсін, – деді ЖШС бас директоры Нұрхан Нұрланұлы.

Жағалау Д.Қонаев көшесінен Зербұлақ көліне дейін жалғасады. Ұзындығы – 850 метр. Ол жаяу жүргіншілер жолынан басталады. Су ортасында диаметрі 19 метр болатын «Жасанды арал» (пирс) салынған. Аралда қазақы жылнамадағы жыл басы болуға таласқан жануарлардың мүсіндері орналасқан. Жасанды арал көпір арқылы жаяу жүргіншілер жолына қосылған.

Жағалаудың сол жақ қанаты мәрмәр түйіршіктерінен жасалған ою-өрнектермен безендірілген. Ұзындығы 60 метр болатын аспалы көпір де күрделі жөндеуден өтіп, түнгі жарықтандырумен қамтылған.

Сондай-ақ, мұнда заманауи «Street workout» спорт алаңшасы мен әткеншек орналасқан. Ұзындығы 450 метрді құрайтын веложол да бар. «Үшбұлақ» жағалауы бойында 3 пандус, 40 орындық пен қоқыс жәшіктері қойылған.

Жағалауға келушілерге барлық жағдай жасалған. Күн батқанда қосылып, таң атқанда өшетін жарықтандыру бағандары мен 1000 шаршы метрлік көлік тұрағы салынған. Алдағы уақытта жағалау суына балық жіберу жоспарлануда.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Тараз қаласы
15.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509