Қаржы министрлігі ұрлық фактілерін анықтады

Қаржы министрлігі ұрлық  фактілерін анықтады

Әдетте жемқорлық сынды нашар әдеттерді әшкерелеу, оларды құқықтық жауапкершілікке тарту мәселесі тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құзырындағы шаруа секілді сезілетіні бар. Іс жүзінде қазіргі таңда жемқорлықпен күрес және мемлекеттің бюджет қаражатының өнімді пайдаланылуы мен әділ де жемісті жұмсалуын қадағалау,  мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауды анықтау және оның жолын кесу Қаржы министрлігінің де міндеттеріне жататындығын білген жөн.  

Биыл жаз мезгілінде министрліктің тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесі негізінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу нәтижесінде бірқатар ұрлықты анықтаған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды. 

Таратылған ақпаратта «бірнеше айдың ішінде 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам сомаға ұрлық фактісі тіркелді» делінген. 

Күдікті операцияларды талдау тәсілі олардың ең көп таралған түрін анықтады. Мәселен, қосарлы (екі түрлі) есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау деректері дәлелденді. Атап айтқанда, № 48 Ақтөбе орта мектебінің құжаттарында есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болғаны жазылса, іс жүзінде оның картадағы шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген. 

Екінші кең таралған алаяқтық – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірқатар адамға жіберіледі. Ал, шындығында, оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған. Мысалы, Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен, жымысқы әрекетке сәйкес тиісті ақшаны екі есепші карталарына аударту арқылы иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге.

Үшінші заңсыз амал – бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау. Нақты айтсақ, Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына 3 реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге.

Бұл заңды белден басудың тек ең танымал жолдары  ғана. Осы ретте Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың бюджетін қалыптастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу процестерін автоматтандыру есебінен нақты уақыт режімінде тиісті бақылауды күшейтіп жатқанын айта кетейік.

«Мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартып, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Тараздың төл мерекесі тұңғыш рет қалай тойланды?
Москау НОҚРАБЕКОВ, қоғам қайраткері, z-taraz.kz - 11.10.2024 108
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 11.10.2024 105
АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - 11.10.2024 98
СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 87
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 984
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1023
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5988
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8615
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6422
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7630