«Қасіретті қаңтар» тарихтағы ең мұңлы кезеңдердің бірі

«Қасіретті қаңтар»  тарихтағы  ең мұңлы кезеңдердің бірі

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары Қазақстанның әр-бір азаматының қабырғасын қайыстырып, жүрекке кетпес қайғы жүктеген, халқымыздың тарихындағы ең мұңлы кезеңдердің бірі.

Қаңтар оқиғаларының басты себебінеде? 

Мемлекет, ел қандай сабақ алуы керек?

«Қасіретті қаңтар» оқиғаларының тамыры өткен саяси тарих толқыныда. 

Оны сараптау үшін 30-жылдық тарихқақысқаша үңілу қажет.

Иә, мемлекет құрдық, Астананы салдық, еліміздің шекарасын шегендедік. 

Бұл рас!

Дегенмен, 30-жылдың ішінде халық пен билік арасындағы қарым-қатынаста әділеттілік принциптерін аяққа басу, өткен ұрпақтың маңдай терімен жасалған ұлттық байлықты әділетсіз бөлу фактілері де болды.

Ұлттық байлық ат төбеліндей топтың еншісінде кетті.

Олигархтарға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмады.

Электр энергетикасы, мұнай,металлургия саласы сол кездегі  билікке етене жақын топтарға «таратылып»берілді. 

2007-жылдан 2019-жылға дейін Ұлттық Қордан екінші дәрежелі банкілерге 9-трлн теңге таратылды. Бұл қаржының басым көпшілігі әлі қайтарылған жоқ.

Яғни, өткен жүйеде байлар байып, кедейлер кедейлене берді.

«Әлемдік банкінің» есебі бойынша, Қазақстан халқының 15-% кедей санатында.

30-жылдың ішінде «Мемлекеті бай, халқы кедей» қоғамға айналдық. Халық саясаттан шектетілді.

Ескі жүйенің «әлеуметтік әділетсіздік»фактілері, халықты саясаттан шектетутенденциясы мемлекетті, қоғамды, жұртты«Қасіретті қаңтарға» итермеледі,жақындатты.

                                                     ***

 

         2019- жылы Қазақстанда билік ауысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күні «демократия мен плюрализм болмай, Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыру мүмкін емес» деп мәлімдеді.

Президент билікке келгеннен кейін бірте-бірте, эволюциялық тұрпаттағысаяси реформаларды бастады.

Ұлттық Кеңес құрылды, жаңа тұрпаттағы «Митинглер» жөніндегі заң қабылданды, саяси реформалардың бірнеше пакеті қабылданып, Мәжілісте Заңдар арқылы рәсімделді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «естуге қабілетті мемлекет»концепциясын ұсынып, халықтың үні билікке жете бастады.

Бұл қадамдар, бұрынғы биліктің бір бөлігіне ұнамады, дәл осы кезеңде билік ішінде реваншистік күштер қалыптасты. 

Реваншисттер саяси реформаларға қарсылық жасады.

Сонымен бірге, көптеген жылдар бұрын жоспарлы түрде Коституцияға жасалған әлімжеттілік нәтижесіндезаманауй логикаға сәйкес келмейтін, мемлекет мүддесінен тыс қосарларған институтқалыптасып, сол институт күштік құрылымдар, Үкіметтің жұмысына жөнсіз араласты.

Соның нәтижесінде мемлекеттік аппарат, құқық қорғау, Ұлттық қауіпсіздік органдарында  Конституцияға, реформаларға қарсы топтар қалыптасты.

 Міне осы кертартпа күштер Президент Тоқаевтың эволюциялық түрде, бейбіт саяси реформалар жасай бастағанын көре тұра, бюджет «майшелпегінен»,бақылаусызшексіз биліктен айрылып қалатынын түсініп, лигитимді Президентке қарсы «заговор» дайындады.

«Қасіретті қаңтар» легитимді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарсы реваншистік күштердің «мемлекеттік төңкеріс» әрекеті!

                                                     ***

 Қаңтардың басында, елімізде әлеуметтік әділеттілікті талап еткен, бейбіт митингіге шыққан азаматтар жүйелі әділетсіздіктен шаршағантұрмысжұтаңдығынан қажыған, болашаққа сенімсіздіктен тұралаған біздің отандастарымыз, туған-туысымыз!

Ол азаматтарды  осындай жағдайға жеткізген волюнтаристік, коррупциялық, протекционистік ескі жүйе!

Сол азаматтардың бейбіт, әділ талаптарын реваншисттер, мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы сатқындардың залымдық іс-әрекеттерінің арқасында, өзінің елге, халыққа қарсы жаманпиғылына пайдаланып кетті.

Реваншисттердің, саяси экстремистік арандату іс-әрекеттерінің нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке жол берілді, мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл жасалды, Алматы, басқа да қалалар қара түнекке батты.

Қазақстан мемлекетінің тағдыры қыл үстінде тұрды, Мәсімов бастаған жымысқы топтың іс-әрекетінің нәтижесінде, елге территориялық дезинтеграция қаупі төнді.

Қаңтар кезінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл, өткір іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығысақталды!

Құқық қорғау органдары тұтқындалған азаматтардан басқа да жасырыныпүлгерген, ізін суытып, тасада тұрғанреваншисттерді анықтауы керек.

Құқық қорғау органдары бұл жұмысты ары қарай жалғастыра беруі тиіс. Мәжіліс бұл мәселені әрқашан өзінің бақылауында ұстайды!

                                         ***

«Қасіретті Қаңтар» тәрізді трагедия қайталанбауы тиіс!

Мұндай ұлттық эксцесстер ата-бабамыз жүздеген жыл аңсаған Тәуелсіздіккеорасан зор зиян тигізеді.

Не істеу керек?!

Бізге  заң мен тәртіп қажет!

Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз, құтты мекеніміз жоқ! 

Бауыржан Момышұлы «тәртіпке бағынған халық құл болмайды» деп бекер айтпаған.

Тәуелсіздік әр-бір Қазақстанның азаматы үшін ең басты құндылық!

Сонымен бірге, билік те халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру үшін нақты қадамдар жасауы маңызды.

Мемлекеттік аппаратты коррупция, протекцияға былыққан шенеуіктерден тазарту.
Квазимемлекеттік сектордың өнеркәсіп, қаржы ресурстарын бақылаудың сенімдітетіктерін жасау.
Олигархтарды ауыздықтау.
Шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтаруды тездету өте маңызды.

Мен сөзімнің басында Қазақстандағы кедейлер саны жөнінде айттым, «аш бала тоқ баламен ойнамайды» еліміздегі кедейшілікті жоя отырып, әсіре байлардың да тәбетін азайту ең басты міндеттердің бірі.

Президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында халықты кедейліктің «шынжырынан»  табанды түрде шығару, халықтың әл-ауқатын нақты өсірудің жолдары нақтыланып, қарастырылған.

Ауылды жерлерде халыққа үй шаруашылықтарын дамыту үшін 1-млн адамды қамтитын 1-трлн теңге бөлінеді, алдағы жеті жылда 111-млн текше метр үй салынып, 3,3 млн адам жұмыспен қамтылуы тиіс.

Бұл мәселені Үкімет сапалы, жүйелі, адамгершілік тұрғысынан орындауы тиіс!

Өкінішке орай, бүгінгі Үкімет сылбыр, жұмыстары шала!

«AMANAT» Фракциясы Президенттің тапсырмаларының нақты орындалуын әрқашан бақылауда ұстайды!

Өйткені, бұл елдіктің, мемлекет пен қоғамның бірлігінің мәселесі!

Бізге плюрализм керек, әр-түрлі ойлауымыз мүмкін, дегенмен, Тәуелсіздікті сақтау үшін Президент институты, мемлекеттік құндылықтар аясында бірігіп, ұлттық консолидацияға қабілетті болуымыз шарт!

«Үй артында кісі бар» деп халқымыз бекер айтпаған, мына аумалы-төкпелі заманда  Қазақстанның Тәуелсіздігі,мемлекетіміздің мызғымастығы бізден басқа ешкімге қажет емес, ынтымақ, ықпалдастық, ағайыншылық басты рухани бағыт болуы керек!

 

Саиров Е.Б.
06.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 120
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 119
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 635
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 753
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 666
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 678

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422