ҚАСЫМ АТАНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

ҚАСЫМ АТАНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Біздің ауылда Қасым ақсақалды білмейтін жан жоқ. Ол

қабағынан қар жауып, үнемі ашуланып, сустанып

жүреді. Көзіне көрінген бала біткенге "тәртіпсіздер, ары

ойнаңдар" деп қуалап салатын сусты адам. Тіпті оның

ауласынан өткен адам сескеніп, қашып өтетін. Мен ол

адамнан өлердей қорыққаныммен, бірде оның

соңынан еріп шығып басқа адамды көрдім.

Әдеттегідей Қасым ата дүкеннен бір бөлке нан мен

кішкене сүт алып, үйінің есігін ашуға асықпай, ауыл

шетіндегі гаражға беттеді. Мен қызық көріп, ақырын

ұрланып соңынан ердім. Ол бір ескі тот басқан есіктің

алдына тоқтап, жан-жағына жалтақтады да ішке кіріп кетті.

Мен тесіктен сығалап, өз көзіме өзім сенбедім. Ішінде

жарық жоқ болса да, кішкене майшамның әлсіз

сәулесінен Қасым қарттың бейнесі көрінеді. Жаңа ғана

көршілерге айғайлап жүрген "қатал шал", "тас жүрек

қарт" қазір жерде тізерлеп отыр. Оның алдында аяғы

ақсақ бір ит пен үш-төрт кішкентай мысық жүр. Ал

Қасым ата нанды сүтке турап олардың алдына қойып жатты.

Ол дірілдеген қолдарымен ақсақ иттің басын сипап:

— Жеңдер, бейбақтарым, менен басқа кімдерің бар? —

деді де көзінен жас ағып, әжім басқан бетінен сырғыптүсті. Ақсақал өзінің жалғыздығын, қайтыс болған

кемпірін, соғыстан оралмаған баласын осы тілі жоқ

жануарларға айтып, мұңын шағып отыр.

Сол сәтте мен оның неге қатал болып көрінетінін

түсіндім. Ол — өз жүрегіндегі мейірімділікті сыртқы

әлемнен қорғау үшін "қаталдық" деген бетпердені киіп жүріпті. 

Ертеңінде ауылда Қасым атаны көргенде қорықпай,

жанына жақындап:

— Сәлеметсіз бе, Қасым ата! — дедім күлімсіреп. Қарт

таңырқай қарап,қабағын түюге ыңғайланды да,кенет

тоқтап қалды.Мен сол кезде көздерінен шексіз

мейірімділікті сезіндім. Ол маған жәй ғана басын

изеп,сәл жымиғандай болды.Сол сәттен бастап бұл —

біздің ортақ құпиямызға айналды.

Айкерім Шыңғысқызы, Алматы облысы, Қарасай ауданы 

Қайнар орта мектебінің  10"ә"сынып оқушысы

 

13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24167
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23838
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41307
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37222
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41517