«Қауіпсіз ел» жобасының мақсаты қандай?

«Қауіпсіз ел» жобасының  мақсаты қандай?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылы 10 ұлттық жобаны бекіткені белгілі. Осы тізбеге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кірді. Аталған жоба бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту». Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халқының ұлттық мүддесін қорғауға әркез  дайын тұруы қажет. Мұның бәрін ел басшылығы келешекте әскерді дамытуды жоспарлау кезінде ұдайы ескеріп отырады. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады.               

Алдағы уақытта Қарулы Күштерді ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың  ауқымын кеңейту мәселесі тұр. Сонымен қатар әскери ғылымды дамыту мен ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіруге де көңіл бөлінуде. Заманауи үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау да жоспарда тұр.  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланыста болу үшін  жұмысты күшейту  маңызды. Қазір  жан-жақтағы  әскери-саяси жағдайдың  өзгеруіне куә болудамыз.  Өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлердің бар екені мәлім, сол үшін де қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажет болып тұр. Қарулы Күштер қазіргі заманға сай  үздік әскери стандарттарға сәйкес болуы аса қажет. Әскери қауіпсіздік саласында осыған орай нормативтік құжаттар бекітілген. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы тамызда бекіткені бәрімізге мәлім.  Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар осыған байланысты әзірленген еді. Яғни  2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «Елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, жаңа Ел қорғанысы жоспары құжаттарының жиынтығы, жаңа 2030 жылға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасы осыған дәлел бола алады.

24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 243
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 313
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 266
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 302

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5720