Әзербайжан жерінде Қазақ деп аталатын елді мекен бар. Өзбекстанда 32 Қазақ деген шаруашылық бірлестігі болған(шб болған). Иранда Қазақ деп аталатын ауыл бар. Иранда Қазақ деген атауды тегі ретінде қосып айтатындар кездеседі.
Ресейдің Тула қаласында Адай ауылы бар. Украйнада Адай деген өзен аты бар.
Алтайда Алаш деген өзен аты бар. Өзбекстанда 4 Алаш деген шб болған. Арменияда Алаш деген қала бар. Түркіменстанда Алаша деген елді мекен бар.
Өзбекстанда Алшын деген 8 шб болған. Өзбекстанда Арғын деп аталатын 3 шб болған. Амур өзенінің бір саласы Арғын деп аталады. Томск қаласының солтүстігінде Арғын болысы болған. Қырымда Арғын деген 5 елді мекен болған. Кавказда Арғын деген өзен аты бар. Шешенстанда бір елді мекен Арғын деп аталады. Арменияда бір елді мекен Арғын деп аталады. Монғолияда Арғын деп аталатын елді мекен бар. Арғын деген тау атауы Шешенстанда, Арменияда, Қытайда, Тәжікстанда кездеседі. Әзірбайжанда Арғын деген қала және өзен аттары бар. Ресейдің бес елді мекені Арғын деп аталған. Еуропада Арғын королдігі бар. Испанияда Арғын деген өзен бар. Германияда Арғын деген жерлер аты бар. Эгей теңізінде Арғын аралы бар. Ұрымда (Византия) Арғын қаласы болған.
Чулыма өзенінің сол жақ сағасында Беріш көлі бар. Харьков-Пенза теміржолы бойында Беріш қаласы бар. Қырымда Беріш аралы бар. Сура өзені бір саласы Беріш деп аталады және өзеннің жағасында Беріш деген елді мекен мен темір жол бекеті бар. Ертіс пен Еділ өзендерінің арасы Дешті Қыпшақ деп аталған. Ресейде Кете деген өзен және Үлкен Кете, Кіші Кете деген өзендер бар. Ресейдің 3 елді мекені Қаңылы деп аталады. Өзбекстанда 5 Қаңылы деген шб болған. Ресейде Қаңылы деген өзен аты бар. Саха жерінде Қаңылы деген тау аты бар. Өзбекстанда 22 Қоңырат деген шб болған. Қарақалпақстанда Қоңырат деген әкімшілік орталық болған. Қырымда Қоңырат деген елді мекен болған. Монғолияда Қоңырат деген өзен бар. Қырғызстанда Найман елді мекені бар. Өзбекстанда 35 Найман деген шб болған. Ресейде Найман деген өзен аты бар. Қырымда 8 елді мекен Найман деп аталған.
Өзбекстанда 5 Жағалбайлы деген шб болған. Өзбекстанда Жалайыр деген 15 шб болған. Саян тауы жағында Керей деген өзен бар. Қырымда Керей деген 2 елді мекен бар.
Өзбекстанда 28 Қыпшақ деген шб болған. Түркіменстанда Қыпшақ қыстауы бар. Молдавияда Қыпшақ деген елді мекен бар. Қырымның 4 елді мекені Қыпшақ деп аталған. Украйнада Рамадан деген елді мекен бар. Өзбекстанда 4 Рамадан деген шб болған.
Таз деген Енесай өзенінің бір сағасы. Алатаудың бір сілемі Таз деп аталады. Сібірде 1401 шақырым Таз өзені және Таз деген арал бар. Сібірдегі Маңғаз тауының бір сілемі Таз деп аталады.
Кавказдың солтүстігінде Тама деген түбек бар. Өзбекстанда Тама деп аталған 10 шб болған. Украйнада Үйсін деген елді мекен болған. Өзбекстанда Үйсін деген 8 елді мекен, Үйсін-төбе деген қырат болған. Қытайда Үйсін деген елді мекен бар. Ресейде Шеркеш деген өзен және елді мекен бар. Украйнада Шеркеш деген 3 қала болған.