Huawei Technologies Kazakhstan «Qazaq Green»ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп, «ҚР БЭЖ-де энергия жинақтау жүйелерін (BESS) қолдануәлеуеті» атты Ақ кітап жұмысының бірінші кезеңінаяқтады. Бастама Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министрлігінің қолдауымен іскеасырылады және энергетикалық ауысуға ықпалететін негізгі технологияларды дамытуғабағытталған.
Жаңартылатын энергия көздерін энергетикалықжүйеге интеграциялау әлі де басты міндеттердіңбірі болып табылады. Энергетикалық жүйеніңтұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін генерация мен тұтынудың өзгеретін деңгейі арасындауақытылы тепе-теңдікті сақтау қажет. Алайда, ЖЭК, таралған генерация және электр көлігініңқарқынды дамуы жүктеме өзгерістерініңтұрақсыздығын арттырып, желіні реттеу бойыншадәстүрлі қуаттар талаптарын күшейтеді. Бұлжүйеде артық жүктемелердің, кернеу мен жиілікауытқуларының және электрмен жабдықтаудыңсенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Электрохимиялық энергияны сақтау жүйелері(BESS) энергия жүйесінің тепе-теңдігінқамтамасыз ете отырып, осы мәселелерді тиімдішеше алады. Қазақстанда соңғы жылдары бірыңғайэнергия жүйесінде тұрақтылықты қолдау үшінкелешегі зор шешімдердің бірі ретінде BESS енгізубелсенді талқылануда.
«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жәнеBESS сияқты энергияны жинақтау жүйелерін енгізуҚазақстанның көміртегі бейтараптығына қолжеткізу үшін стратегиялық қадам болып табылады. Qazaq Green және Huawei сияқты сала көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс істеуболашақтың тұрақты және сенімді энергетикалықжүйесіне негіз қалайтынына сенімдіміз», - Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріЕсімханов Сұңғат.
«Қазақстан көміртегі бейтараптығы мен ЖЭКдамуына белсенді түрде бет бұруда. Энергиянысақтау жүйелері осы процестің ажырамас бөлігіболып табылады. Huawei компаниясының бүкіләлем бойынша BESS әзірлеу мен енгізуде бірегейтәжірибесі бар, сондықтан біз өз біліміміздіҚазақстанмен бөлісуге қуаныштымыз», - деп атапөтті Чжао Сюй, Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры.
Бүгінгі таңда 2024 жылдың 9 айыныңқорытындысы бойынша елде жалпы белгіленгенқуаты 2903,7 МВт болатын 148 жаңартылатынэнергия көздері станциясы жұмыс істейді. Оныңішінде 59 жел станциясы, 46 күн станциясы, 40ГЭС және 3 БиоЭС. Аталған кезеңде ЖЭКстанциялары елдегі электр энергиясының 6,67%өндірді.
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртектібейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, бес жылдық кезеңгебекітілген аукциондық сауда-саттық кестесінесәйкес, аукционға шығарылған жалпы қуаттылық6,7 ГВт құрайды. Энергетика саласындағыжоспарларды іске асыру мақсатында ҚазақстанРеспубликасының электр энергетикасы саласын2035 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шараларжоспары қабылданды. Аталған құжат аясында ірі «гигаваттық» ЖЭК жобаларын іске қосу жоспарланғанын атап өту қажет. Бұл жобалар жел электр станцияларын салуды қамтиды, олардың әрқайсысының қуаты 1 ГВт-қа жетеді және олар 300 МВт қуаттылықтағы энергия сақтау жүйелерімен жабдықталады. Аталған жобалар TotalEnergies, Masdar, AcwaPower, China Power, Hevel(жел электр станциясы + күн электр станциясы) сияқты компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылады. Осылайша, алдағы онжылдықта Қазақстандағы энергия сақтау жүйелерінің орнатылған қуаты 1 ГВт-тан асуы мүмкін. Егер Жоспар сәтті іске асырылса, 2035 жылға қарай еліміздің энергетикалық жүйесіндегі ЖЭК орнатылған қуатының үлесі 24,4%-ға жетеді.
«Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін маневрлік қуаттар қажет. Газ және гидроэлектр станциялары жобаларын іске асыруға 5 жылдан астам уақыт қажет екенін ескерсек, шешімдердің бірі – қысқа мерзімде орнатуға болатын аккумуляторлық энергия сақтау жүйелерін (BESS) қолдану. Дегенмен, мұндай жүйелердің негізгі кемшіліктері – салыстырмалы түрде жоғары құны, айтарлықтай деградация деңгейі және қысқа мерзімді икемділікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты, біз үшін, ЖЭК секторының өкілдері ретінде, BESS жүйелерінің біздің энергетикалық жүйеміздегі рөлі мен функционалын айқындау мәселесі маңызды болып отыр. Бұл сұраққа біз Ақ кітап аясында жауап беруге тырысудамыз», – деп түсіндірді «Qazaq Green» ЖЭК ассоциациясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Капенов.
Ақ кітаппен жұмыс аясында сараптамалық талқылаулар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған. Ақ кітап 2025 жылдың басына жоспарланған. ақ кітап Электр энергетикасы саласының электрохимиялық энергия сақтау жүйелерін дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды сарапшыларына арналған. Әзірлеушілер болашақта BESS жүйелерін іске асырудың негізгі ұғымдары, функциялары, тетіктері осы бағытты нормативтік-құқықтық реттеуде көрініс табады деп үміттенеді.