Қазақ өнерінің Түркияға көмегі: Суретші Ерболат Төлепбай зілзаладан зардап шеккендерге 10 миллион теңге аударды

Қазақ өнерінің Түркияға көмегі: Суретші Ерболат Төлепбай зілзаладан зардап шеккендерге 10 миллион теңге аударды

Түркия мен Сириядағы табиғат апаты бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Қазіргі таңда аталған екі елде болған жер сіл­кінісінен қаза тапқандар саны 40 мың адамнан асып кетті. Қайғылы жағ­дайға байланысты шартараптың түкпір-түкпірінен қол ұшын созып жатқандар жетерлік. Солардың бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Ерболат Төлепбай.

Таяуда қылқалам шебері өнерсүйер қауымға сауын айтып, «Қазақ өнерінің Түркияға көмегі» акциясына қатысуға үндеу жариялаған болатын. Бұған үн қосқандар табылды. Сөйтіп, суретшінің «Ұмай ана» картинасы 10 миллион теңгеге сатылып, бүкіл қаражат Түркия елшілігі ашқан арнайы қорға аударылды. Осы мәселенің анық-қанығын білмек үшін Ерболат Төлепбай мырзаның өзіне хабарласқан едік. «Жарияланған үндеуден кейін аукцион мәселесімен айналыстым. Әрине, жедел арада үлкен көлемде мұндай іс-шара ұйымдастыру көп уақытты қажет етеді. Себебі бұл оңай жұмыс емес.

Өйткені онымен айналысатын арнайы компаниялар бар, олардың кестесіне сай келу, ұстанған саясатымен үндес шығу, адам жинау, жарнама жасау секілді мәселелер туындады.

Сондықтан жақын туыстарыма, жора-жолдастарыма сауын айтып, үндеу тастадым. Туысқандық, ағайындық, жолдастық көңілімізді білдірдік. Үлкен аукционды күткенше біршама уақыт өтіп кетеді. Ал қа­зіргідей қиын кезеңде Түркия тарапы қыруар қаражатқа мұқ­таж. Жағдай қиын. Сол себепті жедел аукцион ұйымдастырдым. Оған негі­зінен Қанат Төлеметов бастаған бес жігіт атсалысты. Рүстем Қараев, Ержан Омаров, Виталий Ким, Азамат Сыр­ғабаев секілді атымтай жомарттар бұл ұсынысты қостады», дейді Е.Төлепбай.

Суретшінің бұл қадамы түсінікті. Өйткені Түркиядағы апаттан халықты құтқару – уақыт күтпейтін мәселе. Құт­қарушылар қазір күн санап емес, сағат санап адам өмірі үшін күресіп жатыр. Осындай күрделі кезеңде Анадолыдағы ағайынға берілген әрбір тиын маңызды. Осылайша, жедел өткізілген аукционға қылқалам шеберінің «Ұмай ана» картинасы қойылыпты.

«Бұл өте сапалы салынған біртуар шығармамның бірі еді. Атымтай жомарт бес жігіт қосылып, аукцион кезінде картинаны 10 миллион теңгеге бағалады. Оның қорытындысы шыққаннан кейін қаражатты кімге тапсыру керек деген мәселе туындады. Сөйтіп, Түркияның Алматыдағы бас консулдығына хабар­лас­тық. Түрік бауырларымыз бізді арнайы қабылдады. Негізі сатылған кар­ти­на біреу ғана. Оны бес жігіт бөліп алуы керек. Олар ақылдаса келе шығар­маны да Түркия тарапына сыйлық ретін­де тапсыруға шешім қабылдады. Сөй­тіп, кездесу барысында 10 миллион теңгені Түркиядағы апаттан зардап шек­кен бауырларымызға көмек ретінде аудардық. «Ұмай ана» картинасын да табыстадық.

Бас консулмен кездесу кезінде Анадолыдағы ағайынға көңілімізді білдірдік. Өнер адамдары, суретшілер мұндай қиын кезеңде шетте қала алмайды. Әрдайым бауырлас екені­мізді біл­діреміз. Қолымыздан келген көме­гімізді көрсететінімізді жет­кіз­­дік. Кон­сул­дықтағы жігіттер бұл қа­дамы­мыз­ды жылы қабылдады. Көңілі босап, алғысын айтты», дейді Е.Төлепбай.

«Ұмай ана» картинасында көнеден келе жатқан аналарымыз бейнеленген. Қолында жас сәбиді көтеріп тұр. Қылқалам шеберінің айтуынша, бұл шығарманы сыйлаудың рәміздік мәні бар. Қазақтар да, түріктер де ерте заманда бір анадан пайда болған. Сондықтан бала ұстап тұрған Ұмай ананың картинасын жаңарған Түркия­ның рәмізіне айналсын деген тілекпен тапсырған көрінеді.

Егемен Қазақстан
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 60
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 110
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 338
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6440
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8152
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6521
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6656