Мұхтар Шаханов ағамыз да өмірден озды. Ол қазақ поэзиясына, этно-мәдениетке, ұлттық мүдде мен намысқа өз мінбері деңгейінде алғаусыз қызмет жасады. Бұқара халықтың үні, ұлттың парыз бен пайым атты уыз тілегінен жаралған ұл болды. Жаны жәннатта, иманы саламатта болсын!
Қара түнде Ай бейнелі сұрақ тұр,
Тал иіліп, өзен өксіп, құрақ тұр.
«Мұхтар ақын өлді» дейді ұры жел,
Өлген жоқ деп ұлттық намыс жылап тұр...
Отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Сабыр Адай,
ҚР Еңбек
сіңірген
қайраткері,
Ақтау қаласы













