Қазаққа қазақтың ғана жаны ашымайды...

Қазаққа қазақтың ғана  жаны ашымайды...

Жуықта «Абай» ақпараттық порталында қоғам қайраткері Мұхтар Болатханұлы Тайжанның Ассамблеяның кезекті ұсынысына қатысты айтқан пікірі жарияланды. Саясаткердің жазғанын оқи отырып, оның сөзінің жаны бар-ау осы деген қорытындыға келдім. Шындығында да, осы Ассамблеяның қазақ ұлтына жанашырлық танытқансып, біресе «қазақстандық ұлт», біресе «үш тұғырлы тіл» деген сынды қитұрқы ұсыныстарды қоғам арасына «лақтырып» жіберіп, «өлмесеңдер, өрем қап», болмаса «бірің өліп, бірің қал» дегендей кейіп байқататыны іш тартқызады.

Маған салса, осы Ассамблея дегеннің барынан жоғы жақсы дер едім, өйткені бұл ұйымның қоғамға еш пайдасы жоқ, ағзадағы «соқыр ішек» сынды артық құрылым. Халықтың ақшасын жеп, тиімділігі күмән тудыратын үндеулер мен бастамалар көтеріп, қоғам арасына жік түсіргеннен басқа пайдасын көрген емеспін. Бұлардың сөзі мен ісі бір арнадан табылмайды, айтқандарының бәрі – әсіреұран, қызыл сөз. Мәселен, ұлттың басты ерекшелігі оның ана тілі болса, ассамблеялықтар сол тілді «көкпарға» тастап, мемлекеттік тілді ұлықтап, оны қорғаштаудың орнына, қазақ тілімен «терезесі тең саналып» жүрген орыс тілі аздай, енді оған ағылшын тілін де қосып қойғанын көзіміз көрді емес пе. Ат-атақтарын атап, түр-түстерін жіліктеп айтып жатпай-ақ қоялық, дегенмен, бір кездері билікте отырған шенділердің: «Аспан асты елімен алыс-берісіміз жолға қойылған мемлекетпіз, сондықтан жастарға қытай тілін үйреткен жөн болмақ», – деп көсемсігендердің уәжін де естігенбіз. Сол себепті «ұлтты азаматтықпен шатастыру – асылық» деу орынды. Себебі адамның азаматтығын ауыстыруға иә өзгертуге белгілі бір себептермен құқығы да, мүмкіндігі де бар болса, ал, ұлтты адамның өзі таңдай алмайды ғой. 

Ассамблеялықтар болса: «әр адам өз ұлтын өзі таңдасын» деген ұсынысты алға тартып, тарихта бұрын-соңды кездеспеген әрі болып көрмеген «тың жаңалық» ашып отырған сынды. Бұл берісі – ұлт ұғымының құндылығын қасақана кемсіту, әрісі – тіршілік иесінің жаны саналатын ұлттықты жоюды аңсайтын қара ниетті пиғыл деп танылуы тиіс. Ассамблеяның жетегіне еріп, ұлттықты әркімнің өз таңдауына берсек, ертеңдері елімізге алыс-жақын шетелдерден қаптап келген жаттілділер өздерін «мен қазақпын» деп жариялап, «қазақ жерінде менің де үлесім бар» деп шықса, не дейміз? 

Құжат бойынша олар өздерін «қазақ» деп жаздыртып алса, заң жүзінде бәрі дұрыс болып шықпай ма? Мәселе дәл осы ауанда шешілсе, бұл ұлтты іштен ірітіп, елімізді ұлттық мемлекеттігімізден ажыратуға түрткі салар басты себеп болмасына кім кепілдік береді? Қазақта: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді», – деген аталы сөз бар. Біздіңше, ассамблеялықтардың кезекті ұсынысы нақ осы ұлт проблемасын күн тәртібіне шығаратын өзекті мәселе ретінде бағаланып, оған ә дегеннен тосқауыл қою керек. Қазақстанның ұлы даласы, кең-байтақ жері мен ана тілі  –  ұлтпен бірге жаралған, байырғы елдің бойына қанмен бірге туа біткен, оның еншісіне бұйырған құндылық, оны «сырттан келіп, төр менікі» дейтіндердің тәлкегіне беріп, бұл тақырыпты талқыға салуға үзілді-кесілді қарсылық танытуымыз қажет. Шынтуайтында, талдау бір басқа да, талғам бір басқа. Талғам сезім категориясына жатса, таңдау – ішкі ұстаным мен ұлттық құндылықтың ажырамас бөлігі, адамдықтың белгісі. 

 

Сондықтан кейбір мәселелерде Тайжанның пікірлеріне қосылмағанмен, дәл осы жолғы оның жанайқайына түсіністікпен қарап, саясаткердің уәжінде ұлтқа деген жанашырлық, ел мен жеріне деген сүйіспеншілік бар деп есептеймін. Кез келген тақырыпқа жеке пікір айтуға Ата Заңмен берілген құқығымыз бар болғандықтан, Мұхтардың сөзін аяқ-қолымды бірдей көтеріп қолдаймын. Бұған сіздер не дейсіздер, патша көңілді қалың оқырман қауым? 

 

Ермек Сахариев
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393