Қазақстан өңірдегі ең ірі сусын экспорттаушыларының біріне айналды

Қазақстан өңірдегі ең ірі сусын экспорттаушыларының біріне айналды

9 желтоқсан, 2025 жыл. Қазақстан өңірдегі ең ірі энергетикалық сусындар экспорттаушысы ретіндегі мәртебесін нығайтып, алкогольсіз сусындардың әлемдік нарығындағы ықпалын арттырды. Gorilla Asia компаниясының деректеріне сәйкес, компания Орталық Азия елдеріне, Кавказға, Моңғолияға, Оңтүстік Кореяға және Ауғанстанға 60 млн литрден астам сусын экспорттап, оның құндық көлемі шамамен 100 млн долларды құрады.

Энергетикалық сусындардың әлемдік нарығы қарқынды өсімді жалғастыруда: 2024 жылы энергетикалық сусындар жаһандық сусын нарығының 31,45% үлесін алып, алғаш рет 30%-дық межеден асты. Осы үрдістер аясында Қазақстан заманауи тұтынушылардың қарқынды өмір салтын көрсететін «жылдам тұтынылатын» сусындар категориясының дамуына және әлемдік сұраныстың өсуіне елеулі үлес қосуда.

Қазақстандық өндірушілер экспорт географиясын кеңейту және жеткізілім көлемін тұрақты арттыру арқылы әлемдік сусын индустриясында елдің позициясын күшейтіп келеді. Саланың экспорттық белсенділігі серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және инвестиция тартуға бағытталған халықаралық алаң — Alatau Investment Forum барысында атап өтілді. Форумда Gorilla Asia компаниясы «Жылдың үздік экспорттаушысы» марапатын иеленді. Бұл марапат қазақстандық өндірістің елдің экспорттық әлеуетін арттыруға қосқан үлесінің мойындалуы болды.

Экспорт айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық әсермен қатар жүруде. Компанияның деректеріне сәйкес:

• жыл сайынғы салық аударымдары 20 млрд теңгеден асады;

• еңбекақы қоры (ЕҚҚ) – жылына 21,8 млрд теңгеден асады;

• сала өндірісте 900 жұмыс орнын, дистрибуцияда 2500 жұмыс орнын және тағы шамамен 3000 жұмыс орнын өзге салаларда қалыптастырады.

«Энергетикалық сусындардың әлемдік нарығы белсенді өсуді жалғастырып келеді және Қазақстан осы өсімге айтарлықтай үлес қосып, өңірдегі көшбасшылығын нығайтып отыр.

Бұл марапатты алу — біз үшін үлкен құрмет, өйткені ол бүкіл индустрияның еңбегін көрсетеді. Қазақстанның әлеуеті бізге жеткізілім көлемін одан әрі арттыруға және экономиканы қолдауға — жұмыс орындарын құрып, байланысты салалардың дамуына серпін беруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деді Gorilla Asia компаниясының бас директордың орынбасары Фархат Сеитов.

 

11.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20911
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20696
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35830
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34345
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38228