Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  2024 жылғы 2 қыркүйектегі  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауында еліміз экономикасының барлық саласы бойынша жан-жақты деректер келтіре отырып, ағымдағы хал-ахуалына ерекше тоқталып өтті және алдағы міндеттер мен жасалатын жұмыстарды нақты айқындап берді.

Мемлекет басшысының жоғары оқу орындарына қатысты міндеттері

 

«ТӨРТІНШІ. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.»

Еліміздің «цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі» үшін Президент жасанды интеллект технологиясын жетілдіруге қатысты Парламент депутаттарын осы жұмысқа атсалысуға шақырып, Үкіметке басым бағыт ретінде бірқатар тапсырма берді, мәселен:

·     «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізуді ұсыну;

·     Қазақстанды жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналдыру;

·     келесі жылы Астанада оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болатын Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу.

«БЕСІНШІ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды».

Кадрлық әлеуетті біртіндеп арттырудың өте маңыздылығын атап өткен бесінші міндетінде жоғары оқу орындарына қатысты «экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет...», «су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет» деген Мемлекет басшысы, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлауды ұсынды.

Жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастыруды жалғастырып, қолдау көрсетудің, атап айтқанда:

·     маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейту;

·     үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту;

·     инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру;

·     қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырудың қажеттілігін көрсетті.

Президенттің назарынан осы саладағы кемшіліктер де тыс қалмай, «ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керектігін» атап өтті. 

Кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың айрықша өзектілігін, «экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам» екенін баса көрсеткен Президент, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауды ұсынып, «адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керектігіне», «кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынына» тоқталды.

Мемлекет басшысы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келетін «еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс» екенін, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыратындықтан, еңбек адамының мәртебесін көтерген кезде «әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаратыны» өз кезегінде еліміздің дамуына әсерін тигізетінін атап өтті.

«ТОҒЫЗЫНШЫ. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет».

Күрделі кезеңде қоғамымызда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтырудың қажеттілігін баса айтқан Президент, тоғызыншы міндетінде «цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге жаппай енуінен» белең ала бастаған алаяқтардан қорғану үшін «Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет» екеніне де тоқталды.

Қазіргі бұлыңғыр заманда еліміздің тағдырына да тікелей әсер ететіндіктен, «қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешу», «ұзақ мерзімге арналған даму жолымыздың» айқындығы, «биік мақсаттарға жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтап, бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз» қажеттігіне баса назар аударған Мемлекет басшысы, «әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» екенін білдірді.

Сахипова Фарида Бақтыбайқызы

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы

 

 

Ертай Айғалиұлы
02.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

БИЫЛ ЖЕТІСАЙДА 13 СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 101
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР ӨҢІРДІ КӨШЕТПЕН ҚАМТУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 117
ТҮРКІСТАНҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 10.09.2024 118
ТҮРКІСТАН: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.09.2024 109
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 428
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 621
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 502
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 522

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4327
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3770
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6081
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4727
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5926