Қазақстан су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрді құрайды

Қазақстан су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрді құрайды

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос сыйымдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал оңтүстік аймақтардағы су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеуді бастап кетті.

 Қазіргі уақытта елдің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 70%-ға, орталық өңірлерде – 68%-ға толған. Батыс өңірлерде бұл көрсеткіш 48%-ды, шығыс өңірлерде 86%-ды құрайды. Бүгінде республикадағы ірі су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрден асады. Күтілетін су көлемі 9,1-13,9 млрд текше метр көлемінде болжанып отыр.

 Сонымен қатар шекаралас мемлекеттермен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей Федерациясымен бірлесіп су тасқыны кезінде өзара іс-қимыл жасау үшін 2025 жылы арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы айдың басында жұмыс тобының төртінші отырысына дайындық мәселелері талқыланған жиын өтті. Жайық өзені бассейніндегі су көлеміне қатысты нақты болжам наурыз айының басында ұсынылады. Ресей тарапының алдын ала деректеріне сәйкес, тасқын кезеңінде Ирикла су қоймасынан секундына 200 текше метрден аспайтын көлемде су жіберу жоспарланып отыр.

 Қытай Халық Республикасымен бірлесіп трансшекаралық судың сапасын бақылау және жедел ақпарат алмасу жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе белгілі гидрологиялық бекеттер бойынша оқу-жаттығулар өткізуді және байланыс арналарының жұмысын тексеруді қамтиды.

 Гидротехникалық құрылысжайларға тексеру жүргізілді. Пайдаланушы ұйымдарға тасқын суды қауіпсіз өткізу бойынша ұсынымдар берілді. Осы ұсынымдарға сәйкес, 39 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай облысындағы Шар су қоймасында, Шымкент қаласындағы «Ақжар» су қоймасында, Ақтөбе облысындағы «Шолақ» бөгетінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Қостанай облысының Степное ауылындағы бөгетке реконструкция жүргізілді.

 Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі талаптардың бірі – көпфакторлы тексерулер жүргізу. 2025 жылы осындай тексерулер 56 гидротехникалық нысанда өткізілді.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық нысандарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдар құрылып, олардың жалпы саны 16-ға жетті. Қазіргі таңда бұл мекемелерде 1193 адам жұмыс істейді, 846 нысанға қызмет көрсетіледі.

 Өзен арналарының су көлемі артатын кезеңге дайындалуы үшін 2025-2027 жылдарға арналған елді мекендерге жақын орналасқан өзен учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы әзірленді. Бүгінге дейін өзен арналарының 166,98 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Оның ішінде 15 шақырым – Абай облысында, 126,6 шақырым – Атырау облысында, 17,8 шақырым – Ақмола облысында, 4,4 шақырым – Қарағанды облысында, 2,1 шақырым – Қостанай облысында, 1,08 шақырым – Солтүстік Қазақстан облысында. Биыл 6 облыста жалпы ұзындығы 192,55 шақырымды құрайтын учаскелерде санация жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

 «Көктемгі су тасқынына дайындық белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Арнайы техника мен инертті материалдар әзірленіп, шекаралас елдермен деректер алмасу жолға қойылды. Әр 10 күн сайын су қоймаларының оңтайлы жұмыс режимі есептеледі. Қабылданған шаралар су шаруашылығы нысандарының тасқын суды қабылдауға және қауіпсіз өткізуге дайындығын қамтамасыз етеді. Министрлік су шаруашылығы жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. Әкімдіктермен бірлесіп, тасқын қаупін азайту және халық пен инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

18.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 178

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23169
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39495
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36657
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40805