Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелмек

Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелмек

Денсаулық сақтау министрлігі ана денсаулығы басқармасының басшысы Шәкизат Халықова 2025 жылдан бастап Қазақстанда 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдер үшін арнайы әзірленген "Аналар саулығы" бағдарламасы басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба еліміздегі дені сау және жоспарлы жүктілік санын арттыру үшін бала тууды жоспарлап отырған әйелдерді кешенді тексеруге бағытталған.

Бағдарламада жүктілікті жоспарлайтын фертильді жастағы барлық әйелдердің денсаулық индексін анықтау үшін учаскелік дәрігерлердің міндетті тексеруінен өтуі қарастырылған. Қыздар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлінбек.

"Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін жүктілікке дейін сауықтыру шараларын өткізу ұсынылады, бұл жүктілікке дейінгі дайындық деп аталады. Бұл кешен денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды жүктілікке, дені сау бала тууға дайындауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдік шараларды қамтиды", – деді Халықова.


 


Министрлік өкілі осы бағдарлама аясында еліміздің 20 өңірінде алғаш рет жүктілікке дайындық бойынша үйлестіруші мамандар оқытылып, клиникалық тексеру хаттамасы бекітілгенін атап өтті.

"Перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін әрбір қызды ерте жастан ана болуға дайындап, ұрпақты болу денсаулығын нығайту қажет. Біз барлық әйелдерді жүктілікті жоспарлауға, жүкті болмас бұрын тексеруден өтуге және медицина мамандарының ұсыныстарын орындауға шақырамыз", – деді Шәкизат Халықова.

Бағдарлама 8 негізгі бағытты қамтиды:

- Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және әртүрлі инфекциялардың, соның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алуға бағытталған әдеттерді қалыптастыру;

- Профилактикалық тексерулер: фертильді жастағы әйелдер мен қыздардағы патологияларды анықтау және оларды емдеу;

- "Ерлі-зайыптылардың денсаулық паспорты" жобасы: некеге тұрғанға дейін ерікті профилактикалық тексерулер жүргізу;

- Әйелдерді концепцияға дейінгі дайындау және жүктілік пен босану нәтижелерін жақсарту;

- Жүкті әйелдерді ерте анықтау және сапалы көмек көрсету;

- контрацептивтермен қамтамасыз ету;

- Әйелдер мен қыздардың денсаулығын жақсарту үшін жаңа технологияларды пайдалану.

- Салауатты өмір салтын және ұрпақты болу денсаулығын насихаттау.

stan.kz
21.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпсіздік – бізге байланысты
Материал Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды - 27.12.2024 118
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 32
ТҮРКІСТАНДА ҮШ АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 34
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 618
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 751
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 757
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 747
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 755
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 532

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11808
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10738
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13967
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12928
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17934