Қазақстанда инклюзивті қоғам дамуының негізі қандай?

Қазақстанда инклюзивті қоғам дамуының негізі қандай?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында жаңа әлеуметтік жоба жүзеге асырылмақ. Жоба қоғамда әлсіз топтардағы азаматтарды кемсіту деңгейін төмендету, мүгедектігі бар қазақстандықтардың теңдігі, мүмкіндіктері бойынша диалогты ұйымдастыруға бағытталған. Жобаны таныстыру барысында, – «Қазірдің өзінде біз мүгедектігі бар ересек адамдардың бала кезінде кемсітушілік фактілерін бастан кешіргенін жиі байқаймыз. Олар қоғамнан оқшауланады, олардың әлеуметтік байланыстары бұзылады. Әлеуметтік оқшаулау процесі жүреді. Иә, олар мемлекеттік жәрдемақы алғанымен, үйде отырады, олардың достары өте аз», – деді «Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаева.

Спикердің айтуынша, биыл олар инклюзивті қоғам құру мәселелері бойынша жұмыс істейтін мамандарға арнайы семинар-тренингтер өткізеді. – Барлығы отбасынан басталады. Сондықтан инклюзивтік тәрбиеге ерте жастан ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, біздің қызметкерлеріміз балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің төменгі сынып оқушыларына инклюзивті білім берумен айналысады. Мұндай балалар өскен кезде мүгедек адамдарды кемсітуге жол бермейтініне сенімдімін, – деді Диана Қырғызбаева. Биыл ұйымдастырушылар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр. Белгілі болғандай, жоба аясында жас қазақстандықтар үшін семинарлар өткізіліп, онда «тең-теңімен» қағидаты бойынша инклюзивті қоғам құру туралы айтылады деп күтілуде. Бірақ... Алдымен, біз, инклюзивті қоғам дегеніміз не деген сұраққа жауап іздегеніміз дұрыс сияқты. Сонымен...

 

Ол қандай қоғам?

Біз «инклюзия» дегенді тек мүмкіндігі шектеулі жандармен ғана жұмыс істеу деп түсінеміз. Алайда бұл қате пікір. Шын мәнісінде инклюзия – бұл қоғамдағы барлық адамдарды интеграциялау (толықтыру, біріктіру) қатынасы, яғни дискриминация (адамды кемсіту, бөлу) түсінігіне кереғар ұғым. Инклюзия барлық индивидтерді (тұлға) біріктіру, тұлғалық қасиетті айқындау, сыйлау қағидасымен үндеседі. Сонымен қатар инклюзия – білім беруді қамту, әлеуметтік қамту, қосу және алып тастау мағынасында көрініс береді. Айталық білім беруді қамту – бұл педагогиканың тұжырымдамасы. Онда әр бір адам (индивид) әр түрлі және өзіндік ерекшеліктеріне (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, мәдени) қарамастан, сапалы білім алуға бірдей құқылы деген принциппен жүзеге асады. Демек, инклюзивті білім беру – біз айтып жүргендей мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру ғана емес, олардың және басқа да адамдардың тең дәрежелі құқығын айқындайды. Ал әлеуметтік қамту, яғни әлеуметтік инклюзия – бұл әлеуметтік сегрегация (адамдардың қоғамда әлеуметтік статустарының айырым белгісі бойынша санаттарға бөлінуі) немесе маргинализация (назардан тыс қалдыру) жағдайына ұшыраған адамдарға немесе адамдар тобына қоғамдық өмірге толық қатысуға мүмкіндік беру процесі. Әлеуметтік қамтудың мақсаты, әртүрлі жағдайларға байланысты қауіпті жағдайға тап болған адамдардың, (кедейлікке, тегіне, жынысына, физикалық жағдайларына, мүгедектеріне, белгілі бір этникалық  топқа немесе дінге кіруге және т.б.) өмір сүру жағдайын жақсарту және оларға саяси, білім беру, экономикалық немесе қаржылық деңгейде бірдей мүмкіндіктер ұсыну, халықтың әлжуаз топтары үшін еңбек, денсаулық, лайықты тұрғын үй, білім, қауіпсіздік мүмкіндіктерін қарастырады. Демек, инклюзивті қоғам адам дамуында проблемаларды түзетуге бағытталған әрекеттер жиынтығы және әр түрлі топтарға жататын адамдарды олардың өмірі мен дамуы үшін бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатындай етіп біріктіруді білдіреді. Осы орайда Қазақстандағы инклюзивті қоғам дамуының негіздері қандай дегенге келетін болсақ...

 

Білім беру жүйесіндегі игі істер

Елімізде инклюзивті қоғам дамуының негізгі қағидасы ретінде инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға баса назар аударылып келеді. Негізінде инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін, алдымен әртүрлілікті қабылдауға байланысты дағды қалыптасуы тиіс. Жалпы алғанда елімізде түрме, жетім балалар үйі мен қарттар үйі сияқты институттар құрылып, халықта оларға деген өзгеше көзқарас қалыптасқан. Бірақ қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен халықтық философия-психологиясында кемсітушілік, алалау, жек көру сынды көзқарасты құптамайтынын білеміз. Сондықтан біздің қазақ қоғамына инклюзия идеялары, құндылықтары жат емес екенін ескере отырып, негізгі мақсат инклюзивті сана-сезімді оятуға бағытталуы керек сияқты. Мәселен, сала  мамандары инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек деген мәселені қолға алса, адамдар арасында бір-біріне деген құрмет, мейірім, жанашырлық артып, проблема азаяр ма еді.

 

Елордада осындай орта қалыптасып келеді

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инклюзивті қоғам түсінігі әзірше, түгел қазақстандық түсінік аясында дамып келеді. Мәселен, елімізде инклюзивті қоғам дамуының алғы шарты ретінде инклюзивті білім беру жүйесі қалыптасып келе жатқанын айттық. Ресми ақпаратқа сәйкес елорда мектептерінде ерекше қажеттілігі бар балалардың 80%-ы әлеуметтік қолдаумен қамтылған. Елордада тіркеуде тұрған 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар 9 073 балаға арналған бірыңғай база құрылып, 22 жалпы білім беретін мектепте логопед, психолог, дефектолог, тифлопедагогтардың сүйемелдеуімен оқытылатын арнайы коррекциялық сыныптар жасақталды. Сонымен қатар 10 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемеде педагог-психолог пен дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалімнің қосымша штаттық бірлігі енгізілген коррекциялық топтар ашылды. Алғашқы рет жекеменшік балабақшаларда ерекше балаларға арналған топтарды ашу жөнінде мемлекеттік тапсырыс енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, жыл соңына дейін елорда мектептеріндегі инклюзивті білім беруді 100 пайыз қамту жоспарлануда. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше қажеттілігі бар адамдарға бірдей мүмкіндік қарастырып, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына инклюзивті қоғам құрудың маңызы зор екенін айтты. Бүгінде Нұр-Сұлтанда 26 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның 5 500-і – балалар. Қалада орталықтар ашылып, оларды мемлекет жабдықтармен қамтып, қомақты қаржы бөлініп, қорларда жұмыс жүргізіп жатыр. Бірақ өкінішке қарай ерекше балаларды жәбірлеу әлі де бар. Осы бойынша біз жұмыс істейтін боламыз. Қала басшысы тиісті тапсырма берді. Үкіметтен де қолдау бар. Биыл екі оңалту орталығының құрылысы басталады. Түрлі бағыттағы ауру бойынша ересектер мен балаларға да профилактикалық, оңалту емі қажет болғандықтан, қала үшін оңалту орталығының құрылысы өте маңызды. Инвесторлар қаржысына жаңа иппотерапия орталығын салатын боламыз, – деді Бақтияр Мәкен. Сондай-ақ қазір қалады 3 инклюзивті балалар алаңы бар. Келешекте мұндай алаңдар салу балалардың жан-жақты дамуы үшін өте маңызды. Баланың алаңсыз ойыны мен бақытты күлкісі – балалар мен олардың ата-аналарының бақытты болашағының кепілі.

ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар заманы ғана емес, жаһандық даму үрдісінде инклюзия ұғымының қоғамдағы маңызды рөлінің артуымен де ерекшеленуде. Сондықтан инклюзия тек мемлекеттік саясаттың ғана емес, бизнестің де бір бөлігіне айналуы керек дейді сарапшылар. Бұл жағдайда барлық жерде әртүрлі кеңістіктерде инклюзивті ортаны дамыту үшін жағдай жасалады. Мысалы тұрғын үй, білім беру, жұмыс, демалыс тағы да басқа қоғамның барлық деңгейінде инклюзия ажырамас трендке айналатын болады.

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650