Қазақстанда сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасы шығарыла бастады

Қазақстанда сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасы шығарыла бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдаулары мен өзге де кездесулерінде еліміздің экономикасын дамыту, әртараптандыру төңірегінде маңызды міндеттер жүктеп, бағыт-бағдырды айқындап келе жатыр. Соның ішінде Президентіміз өңду секторын дамыту, терең өңделетін өнімдер дайындау, экспортқа шикізаттан гөрі дайын өнімдер шығару мәселесіне айырықша ден қойып отыр. Президентіміз 2025 жылы қыркүйектегі Жолдауында бұл туралы арнайы тоқаталып өтті. 

- Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды,- деді.

- Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Қазір бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп жатыр. Қолдау шарасын ұстанымдары мен талаптары әртүрлі институттар жүзеге асырады. Мұндай ахуал кәсіпкерлерді әбден шатастырады. Бұл саланы ретке келтіріп, үйлестіру жұмысын толығымен қолға алу керек,- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл өңдеуші саланы дамытуға берілген бағыт әрі саладағы кемшілктерді түзетуге берілген тапсырма еді.

Сонан бері елімізде талай өзгерістер болды. Біраз кәсіпорындар ашылып, нарыққа дайын өнімдер шығара бастады. Бұл өзгерістерге қарай отырып аладғы уақытта Қазақстан ішкі және сыртқы нарықтарға шикізттарды ғана емес, дайын өнімдер шығаруға қабілетті мемлекетке айналатындығына сенім артқандай.

Жақында ҚР Өнеркәсіп және құрлыс министрлігінің сайтында «Өңдеу өнеркәсібінің өрістеуі ел экономикасын өрге сүйрейді» атты материял жарық көрді. Онда «өңдеу өнеркәсібі өндіруші саладан алға шықты» дей отырып өңдеу өнеркәсібі саласындағы оң өзгерістерді нақты көрсеткіштермен баяндап беріпті. Осында айтылған ақжолтай жаңалықтарыдң қатарында біздің назарымызды аударған мына жаңалықтар еді.

-«2025 жылы елімізде бұрын шығарылмаған 10-нан астам жаңа тауар өндірісі жолға қойылды. Машина жасауда локомотивтердің тірек арқалықтарын, көлік құралдарына арналған шатыр қаптамалары және бүйірлік қаптамаларды, жетекші көпірлердің арқалықтарын, цилиндр блоктарын, жұмыс турбиналарының қалақтарын, жылу электр стансалары турбиналарының корпустық бөлшектерін, кері осмостық мембраналық элементтер (сүзгі) мен глюкометрлер шығару жоспарлануда. Елде алғаш рет pure-pak сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасының шығарылымы жолға қойылды, ол импортты толық алмастыруға мүмкіндік береді.»- делінген.

Біз елімізде алғаш рет өндіріле бастаған pure-pak сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасы туралы іздене бастадық. Өйткені қазірге дейін отандық сүт өнімдері, жеміс шырындарын тұтынып келген болсақ та соның қаптамасы қайда өндіріледі деген сұрақ ойымызға келмеген екен.

Ақыры іздеген жаңалығымызды таптық. Рure-pak сұйық өнімдеріне арналған картон қаптамасы зауыты 2025 жылдың соңында Семей қаласында ресми түрде іске қосылыпты. Аталмыш жобаны «Қазполиграф» ЖШС компаниясы «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) қолдауымен Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде «Baiterek Venture Fund» АҚ тікелей инвестициялар қоры арқылы іске асырған. Қазіргі уақытта жоба «BV Management» ЖШС тұлғасындағы  басқарушы компанияның басқаруында. Демек қазірге дейін тұтынып келген өнімдеріміздің сыртындағы қаптамасы, біздің кәсіпорындарымызға шетелдерден жеткізіліп келген. Ал жылдар бойы осы «қасиетті қағазға» қанша қаржы кеткендігін ойша елестете берсеңіз болады. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ- таратқан ақпаратқа сенсек, бұл өндіірс орны ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қалмай, көрші елдерге экспорттауға да қауқарлы екен.

-Pure-Pak жаңа өндірістік желісі қазіргі заманғы халықаралық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ жоғары өнімділік пен өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік өндірушілердің озық технологиялары мен жабдықтарын енгізуді көздейді. Сұйық өнімдерге арналған картон қаптамасының жаңа желісінің өндірістік қуаты (Pure-pak) айына 9 млн данадан 49,5 млн. данаға немесе 5 еседен астам көлемге артты,- делінген.

Міне, осындай игі іске деген мемлекеттік қолдауларды жүзеге асырған «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ мұрындық болыпты. Жобаға атсалысқан «Қазполиграф» ЖШС - Қазақстан аумағындағы орап-қаптау материалдарының кең спектрінің ірі өндірушісі және В2В секторында өнімдерді сатуға және қызметтер көрсетуге маманданған. Өндірістік база дизайны жасалғаннан бастап тапсырыс берушіге жеткізуге дейінгі қаптама өндірудің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өндірістік қуаты Абай, Семей қаласында орналасқан. «Қазполиграф» ЖШС жобасы өнеркәсіптік секторды дамыту және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға арналған мемлекеттік қолдау механизмдерінің тиімділігін растай отырып, индустриялық маңызы бар бастамаларды іске асыруда мемлекет пен бизнестің табысты өзара іс-қимылының үлгісі болмақ»,- дейді таратылған ақпаратта.

Сөз соңында бұл жаңа өнім туралы аздап ақпарат бере кетейік. Pure-Pak- норвегиялық Elopak компаниясы шығарған классикалық «үшбұрышты» сұйық қаптама картоны. Оның негізгі материалы - таза ағаш талшықтарынан жасалған, полиэтилен (ПЭ) қабатымен ламинатталған картон. Ол жаңартылатын және қайта өңдеуге жарамды және әдетте тоңазытқышта сақталатын сүт пен шырын үшін қолданылады.

Ерқазы Сейтқали

 

14.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41801
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37678
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42095