Қазақстандағы оқиғаларға әлем сарапшыларының берген бағасы

Қазақстандағы оқиғаларға әлем  сарапшыларының берген бағасы

Альберто Тюркстра, Бельгиядағы Диломатиялық әлем институтының сарапшысы: «Белгісіз топтар жаппай тәртіпсіздік, хаос жасау арқылы егемен елді күйретуді көздеді. Президент Қасым-Жомарт                   Тоқаевтың шұғыл қабылдаған шаралары елдегі дағдарысты тез еңсеруге септігін тигізді. Мемлекет басшысы қабылдаған әлеуметтік-экономикалық реформалар жаһанға Қазақстанды жаңа қырынан танытары сөзсіз», – депті. 

Лорд Уимболдон Тарик Ахмад, Ұлыбританияның мемлекеттік министрі: «Жақында болған қайғылы оқиға демократия мен адам құқықтарын қорғауды нығайтудың маңызды екенін көрсетті. Қазақстанмен тығыз мәдени және экономикалық байланысы бар ел ретінде біз экономикалық және саяси реформаларды қолдаймыз», – деп жазыпты.  Метте Конгсхем, Норвегияның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының бұрынғы елшісі: «Халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Қазақстан бетпе-бет келіп отырған қиындықтарды жеңетініне сенемін. Бұл мақсатқа конструктивті диалог арқылы қол жеткізген дұрыс»,  – деп атап өтсе керек. 

Алехо Видаль-Квадрас, Еуропа парламенті төрағасының бұрынғы орынбасары: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақтылы батыл шешімінің арқасында Қазақстанда тыныштық пен бейбітшілік қайта орнағанын ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның ҰҚШҰ-ға мүше елдердің көмегіне жүгінгенін қолдаймын. Себебі бұл ұйым миссияларының бірі –  бейбітшілікті сақтау және терроризммен күрес. Көрші мемлекеттердің көмегінсіз күллі аймақта тұрақсыздық белең алуы мүмкін еді», – деп мәлімдеген көрінеді. 

Ақбар Мәжит, Қытайдың белгілі жазушысы: «Қазақстанның тұрақтылығына нұқсан келтіретін және қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан халқының бейбіт өмірін бұзатын кез келген күштерге, Қазақстанда әдейі тәртіпсіздіктерді, «Түрлі-түсті төңкерістерді» туындататын кез келген күштерге және Қытай-Қазақстан қатынастарына нұқсан келтіретін кез келген күштерге қарсылық білдіреміз және айыптаймыз».

Ермек САХАРИЕВ
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616