Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойы қаражат алады

Қазақстандық чемпиондар енді өмір бойы қаражат алады

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі: «Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті.

Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды. Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады. Сидней Олимпиасының чемпионы Ермахан Ибраимов: «Төлемдер 4 есе өсті деген жаңалықты естіп қуандық. Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз. Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын, олар үшін бұл үлкен қолдау болды», – деп атап өтті. Айта кету керек, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында кем дегенде жиырма жылдық жұмыс өтілі болуы керек.  

Ермек Сахариев
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 352
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6457
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8166
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6537
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6673