Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түсті. Садақшылар дүбірлі додада сайыс өтетін алаңда, яғни «Қазанат» ипподромында шеберліктерін шыңдап жатыр.

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, бүгінде ДКО аясында өтетін дәстүрлі садақ ату сайысына қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен.

«Қазір аккредация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркия, Малайзия, Қырғызстан, Венгрия, Ресей сынды мемлекеттердің садақшылары жақсы өнер көрсететіні белгілі. Дегенмен, біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылығын дәлелдейтініне сенімдімін», - дейді ол.

Көшпенділер ойындарына деген дайындықтары жайлы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері де айтып берді.

«Бұл бәсеке біздің алаңда өтетін болғандықтан мойнымызда зор жауапкершілік бар екенін білеміз. Ал сайыс өтетін алаңда жаттығу біз үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені бұл жерді толық зерттеп, климатын, жел жылдамдығын, нысананың орналасуы сынды маңызды тұсттарды түртіп алып жатырмыз», - деп атап өтті садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Бақберген Сәлімов.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына өте аз уақыт қалды. Әрине, біз дайындығымызды қыздыра түстік. Менің ойымша, байрақты бәсеке елімізде өтетіндіктен, міндетті  түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ажар Рахметқызы.

Еске сала кетейік, Республикалық «Дәстүрлі садақ ату» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Диас Ахметов

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері

 

Бақберген Сәлімов

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшысы

 

Ажар Рахметқызы

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшысы

 

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

https://www.instagram.com/ultsport.kz/

https://www.tiktok.com/@ultsport.kz

https://t.me/ultsport

https://www.facebook.com/Ultsport.kz

https://youtube.com/@ultsportkz?si=9eqECnQZSylltRye

19.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 517
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 622
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 627
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 619
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 623
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 399

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11703
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10632
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13865
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12823
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17828