Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition 2024-2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition 2024-2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition беделді байқауында аймақтың 19 елінден келген 31 000-нан астам қатысушының арасынан топ жарып, бірінші орындарды иеленді. Байқау 2024 жылдың 15-19 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті.

Ұлттық іріктеу нәтижелері бойынша ҚБТУАУЭСәл-Фараби атындағы ҚазҰУAstana International UniversityYessenov University және Astana IT University-ден 9 студент Қазақстанды өңірлік финалда таныстырды. Студенттер терең білімдерін, шығармашылық тәсілдерін және кәсібиліктерін көрсетіп, қазақстандық командалардың көш бастап шығуына мүмкіндік жасады.

• Computing Track бағыты бойынша бірінші орынды АУЭС пен Astana International University студенттерінің командасы иеленді.
• Network Track бағыты бойынша бірінші орынды ҚБТУ мен АУЭС студенттерінен құралған команда жеңіп алды.
• Cloud Track бағыты бойынша екінші орынды Astana IT University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Yessenov University студенттері иеленді.
• Инновациялар байқауында екінші орынды ҚБТУ студенттерінің командасы жеңіп алды.

 

Қазақстандық командалар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында халықаралық аренада өздерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті..

 

Биылғы жылы Huawei ICT байқауы қатысушылардың рекордтық санын жинады — аймақтағы 19 елдің 640 университеттері мен колледждерінен 31 000-нан астам студент байқауға қатысты. Инновациялар бойынша байқауға 290 студент, ал практикалық жарыстарға бұлтты технологиялар, желілер, есептеу және жасанды интеллект саласындағы инновациялар сияқты әр түрлі бағыттар бойынша 30 900 студент қатысты.

 

Іс-шара Huawei ICT нұсқаушылар байқауынан бастау алды, онда үздік оқытушылар өздерінің оқыту әдістемелері мен АКТ саласындағы тәжірибелерін презентациялар мен практикалық демонстрациялар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, инновациялар байқауы өтті, онда студенттік командалар жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, есептеу және желілік шешімдер саласындағы инновациялық жобаларды ұсынды.

Үш күндік іс-шара бағдарламасы Huawei инновациялар және технологиялар орталықтарына экскурсиямен жалғасты, соның ішінде Huawei флагмандық дүкеніне және Эр-Риядтағы Future Space демонстрациялық орталығына бару жоспарланған.

 

 

Ван ШунлиHuawei-дің Таяу Шығыс және Орталық Азия (ME&CA) аймақтары бойынша вице-президенті: «HuaweiICT Competition іске қосылғаннан бері интеллектуалды технологиялар дәуіріне жол ашқан Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтарындағы цифрлық таланттар тапшылығын қысқарту бойынша жетекші жобалардың біріне айналды. Huawei ME&CA ICT Academy-дің 10 жылдығына орайластырылған Huawei ICT Competition аймақтық финалы - бұл ұлттық жоспарлар мен стратегияларға қол жеткізуге үлес қосатын аймақтың цифрлық трансформациясын жүргізетін IT мамандарының келесі буынын дайындаудағы біздің үздіксіз міндеттемеміз».

2017 жылы іске қосылғаннан бері Huawei ME&CA ICT Competition АКТ саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлау арқылы Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінің АКТ-таланттарын дамытуға және ұлттық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған өңірдегі ең ірі және ықпалды бастама болды. Байқау ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының (БАИ), сондай-ақ 40-тан астам аймақтық министрліктердің, операторлардың және салалық серіктестердің қолдауы мен мақұлдауына ие болды.

 

Бастама Huawei-дің аймақтың цифрлық экожүйесін дамытудағы жетекші қатысушы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, толық өзара байланысты интеллектуалды қоғам құру арқылы әр адамның өміріне, әр үйге және ұйымға цифрлық технологияларды енгізу туралы көзқарасын көрсетеді.

 

 

Huawei компаниясы туралы

1987 жылы негізі қаланған  Huawei компаниясы ғаламдық ИКТ инфрақұрылымы мен интеллектуалды құрылғыларды жеткізуші жетекші болып табылады. Компанияда 170-тен астам елдер мен аймақтарда 207 000 қызметкер әлемдегі 3 миллиардтан астам  адамға қызмет көрсетеді.

 

Біздің көрегендігіміз бен миссиямыз — барлығына цифрлық қолжетімділікті қамтамасыз етіп, толық қосылған және интеллектуалды әлемді құру. Осы мақсатта біз желілердің барлық жерде қолжетімділігін және оларға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге, бұлттық технологиялар мен жасанды интеллектіні бүкіл әлемде енгізуге, жоғары өнімді есептеу ресурстарын қажетті уақытта және қажетті жерде ұсынуға ұмтыламыз. Біз барлық салалар мен ұйымдарға икемді, тиімді және динамикалы болуға көмектесетін цифрлық платформаларды жасаймыз. Біз қолданушы тәжірибесін жасанды интеллектінің көмегімен қайта ойластырып, оны адамның өмірінің әрбір аспектісіне — үйде, кеңседе немесе жолда — жеке бейімделген етіп жасаймыз.

20.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5146
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20101
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22203