Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

Отбасы банк салымшыларына мемлекеттік сыйақы түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. Мемлекет сыйлықақысы – бұл Отбасы банкі салымшыларының депозиттеріне олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға деген ынта-ықыласын арттыру үшін республикалық бюджеттен аударылатын қаражат. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы төленеді. Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Сіздің жинаған қаражатыңыз бұл сомадан аз болса да, сол жинақтың 20%-ы шотыңызға түседі.   Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары былтырғы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс еді. Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Отбасы банктегі жеке тұлғалардың салым мөлшері 2,296 трлн теңгені құраған.

https://smartnews.kz/news/8839-kazakstandyktarga-138-myn-tengeden-tusip-zhatyr?fbclid=IwAR2qIDrG4J0TJ0Ojd3GCGbaBbuwF0xUaTARaRWI-SNUZyy-x8zUrJj9OXOQ

smartnews.kz
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1164
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7213
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11076
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7277
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7424