Қазақстанның азаматтығын алу тек қазаққа бұйырса...

Қазақстанның   азаматтығын алу тек қазаққа   бұйырса...

Референдумда ең аз дауыс берген өңір Алматы қаласы екенін байқауға болады. Осы жерде «еліміздің ең ірі мегаполисі неге соңғы орында тұр?» деген сұрақ туындайды. Себебі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент секілді ірі қалаларда көшіп-қону, оқу, жұмыс тіршілігі үнемі қарбалас үстінде. Соған қарамастан, сайлауға қатыса алмайтын адамдар саны 40 пайыздан жоғары. Неге? Себебі жергілікті тіркеуі жоқ. Өте келеңсіз жағдай, дауыс беруге шақырып, дауыс беру құқығын бермеу деген ұят емес пе? Бұл – өрескел қателік. 2019 жылы Президент сайлауы кезінде де жатақханада уақытша тіркелген студенттер сайлауға қатыса алмады. 

Сонымен қатар, келесі заңдағы өзгеріске байланысты. Педофильдер, маньяктар, адам жегіштер мен топтық қылмыс ауыр қылмыстарға өлім жазасы берілмесе, онда өмір бойы осы қылмыскерлерді елдің ақшасына қамтамасыз етіп отыруымыз әділетті ме? Заңды өзгерту үшін немесе күшейту үшін алдымен әділеттілік пен шыншылдыққа, сонымен қатар логикалық анализге жүгіне отырып саралау керек болар. 

Билік басындағылардың тума-туыстары шенді қызметінде жұмыс атқара алмайды, бір басшы тағы да сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл алғашқы билеушіге қатысы жоқ деген сынды қисынсыз заңның ел мүддесіне келіп-кетері жоқ. Ал жер мәселелеріне келетін болсақ, онда жердің тек қазақ ұлтына тиесілі екендігін жазған жөн. Қазақстандық пен қазақ ұлтының аражігін ажыратайық. Яғни таза қазақтардың ғана жерге құқылы екендігі, сонымен қатар оның сатылмайтындығы, жалға берілмейтіндігі туралы өзгеріс болса, қос қолдап қолдауға болар еді. Мысалы, БАӘ мемлекетінде азаматтық алу мүмкін емес, сол секілді Қазақстан азаматтығын алу туралы қаулы да өзгеруі тиіс. Қазақ қызына үйлене салып, азаматтық аламын деген жеңілдік болмауы тиіс. Себебі соңғы жаңалықтардан кейін еліміздің азаматтығына көз тігіп отырғандар аз емес.

 

Рауан МУТАИР
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694