Қазақтың тілі кімге керек?

Қазақтың тілі кімге керек?

Әрине қазаққа. Қазақ болғанда тұла бойы ұлттық рухқа "малшынған " ,  салт-дәстүрге  "шомылған",  жеті атасын білетін, ата-баба ізімен жүретін, өмірге жылап келгенде анасының ақ сүтімен ауызданған  қазаққа ғана. (Басқалар оны қайтпек). Уызына жарыған қазақтың имунитеті мықты келеді. Оларды арап та,  орыс та,  ағылшын да  құл қыла алмайды. Себебі темірқазығы мықты. Бізге осындай ұрпақ өсіру міндет! Бұл ата-баба аманаты! Бірақ біз өзіміз орысшаға бейімбіз.  Баламыз орысша сөйлесе мәз боламыз. Құлдық сана  сіңіп кеткен санамызға әбден. Одан арылуға оңай болмай тұр...

Қай заманда да тіл мен дәстүрді билік емес,  халық сақтаған. Осыны ұмытпауымыз керек.  Билік бүгін бар,  ертең  жоқ ... Ал мына түрімен қазақ халқы ертең болама? Міне, бұл үлкен сұрақ!  Әрине билікке ұлтын сүйетін,  көреген басшы келсе  халықтың бағы ғой, шіркін! Тұтастық үшін,  ұлттық мемлекет құру үшін. Біз осы жағынан сорлап қалдық қой. Назарбаев билік құрған отыз  жылда- жаһандану дәуірінің "қалың тұманына" кіргізіп жіберді. Халықты алдаудың сан түрін меңгерген ол бейбақ,  қазақ тілінің болашағына емес,  өзінің "тағының" беріктігі үшін ұлт руханиятын құрбандыққа шалды.  "Қазақпен қазақ - қазақша сөйлес", "Отыз жылдан аюда қазақша үйренетін кез келді" деп өтірік көлгірсігенімен, ертесіне "Орысша сөйлегенге қазақша жауап беру қайдан шыққан масқара" деп жалт беретін аярлығы да ел есінде.  Ресейге жағынудан,  оның тіліне табынудан ТМД көлемінде алдына жан салмады. Бірақ одан бүгінгі президент сабақ алды ма? Орыстардан өлердей қорқатын Назарбаев, орыс мүддесі үшін бәрін жасады. Соның салдарынан отыз жылда тіліңе түкірген,  қазақы болмысыңнан жеркенген ұрпақ өсіп шықты. Олар билікке де келіп жатыр.  Билік креслосында  қонжиып отырғандары қаншама.  Осыны көріп тұрып "Жаңа Қазақстан" құрамын деу-халықты тағы да алдау емес пе! Ең алдымен тіліңді азат етіп ал, қазақ! Тәуелсіздік жайлы әңгіме содан кейін ғана айтылуы тиіс! 

 Әйтпесе түрі қазақ,  тілі мазақ қазақ өріп жүр қасыңда.   Олар космополитке айналғалы қашан. Оларға екі дүниең бірдей.  Қарын тоқ болса,  уайым жоқ болса жетіп жатыр.  

Әлеуметтік желіде тараған, өз президенті бола тұра, Ресей президенті Путинмен қорқытқан қазақ әйелі бізге нені көрсетті? Отыз жылда ұлт болып ұйыспағанымызды, егер бұлай жалғаса берсе,  күндердің күнінде тұяқ серпуге  жарай алмай қалатынымызды әйгіледі. Бұл өте қорқынышты көрініс! Бүгінгі билігіміз де "қатынжанды" демекші,  өте орысжанды.  Мен осыдан қорқамын!

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕКТІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН
30.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496