Қазақтың жоғалтқанын кім түгендейді?

Қазақтың жоғалтқанын кім түгендейді?

Қазақтың жоғалтқаны көп. Өте кө-өп! Оған саусақ түгілі, шашың да жетпейді. Басқа-басқа, ХХ ғасырда қырылған үстіне қырылдық. Қазақтың қырылған санын біреу 5 млн дейді, біреу 10 млн дейді. Жан шошырлық сан. Аштық, репрессия, соғыс! Желтоқсан, Жаңаөзен көтерілістері де бізге оңайға соққан жоқ. Бірақ ақиқат ашылмай тұр. Соңғы Қаңтар оқиғасы да талай қазақты алып кетті. Бұл әрбіріне баға жетпейтін қазағымыздың көрген құқайы. Ол құқайды жасаған кім? Әрине, осы кезге дейін жабысып айырылмай келе жатқан орыс деген көршіміз.

«Айта-айта Алтайды...» дегендей, бұл шындық мың сан рет айтылды да, жазылды да. Біздің қазағымыз қызық халық. Бір замандары рухы мұхиттай толқып, буырқанып, бұрсанса, енді бірде доңғалақтарының желі шыққан көліктей қисайып, қыңырайып қалады. Осындай шақтың аңысын аңдып отырған сыртқы, ішкі жау тарпа бас салады. Рух жоқ жерде бірлік, ынтымақ жоқ. Осындайда қазақ әркімнің мазағына айналады. Дұшпандарымыз ошақтың үш бұты сияқты дін, тіл, жеріміздің ту-талақайын шығарып, өшіруге, жоюға тырысты. Тұтастай жоғалтуға шамасы жетпеді. Алайда барынша әлсіретті. Тәуелсіздігіміз келгеннен соң бәрі жөнделеді, қуаттанады деген үмітіміз жанбады. Назарбаев рухтың шақпақ тасы – дін мен тіліміздің басын көтертпей, үнемі небір қитұрқылық әрекеттер жасады. Түкке тұрғысыз бағдарламалар жасады. «Қазақтың жауы – қазақ» демекші, оның дінінің, тілінің қас жауы НӘН және оның құйыршықтары болды. Талай жерімізді өзгелерге беріп жіберді. Әлі де солардың қолында. Қазақтың 30 жылда №1 жоғалтқаны осы.

Рухани қазынасының жоғалтқан рухсыз қазақ экономикалық тұрғыдан да жоғалтқандары жетерлік еді. Олардың ең бастыларының бір жерасты қазына-байлықты НӘН-дер тонап, қалтасына басты. Халық кедейшілікке, жоқшылыққа ұшырады. Ең басты рухани нәубет – халықтың азғындауы, тозғындауы. Қыздарымыз жезөкшелікке, ұлдарымыз құл болуға бейімделді. Өз сәбиін күл-қоқысқа лақтырып тастайтындар көбейді. Есірткі, арақ, темекі жастарымыздың тамырын уландырды. Кім көрінгеннің етегінен ұстап шетел асқан сұлу қыздарымыздың, шетелге сатылып кеткен мыңдаған жетімектердің обалы кімге?

Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан осы жоғалтқандарымызды түгендегенде ғана аттарына сай болмақ. Қазіргі билік пен қазіргі жүйеге халық сенімсіз қарайды. Бабаларымыздың аманатына қиянат жасап жатқан бүгінгі ұрпақ алдымен ұлттық идеологияны қалыптастырмаса, бәрі бекер. Президент сайлауына дайындық басталды. Егерде халықтың сенімінен шықпасаң, 10 млн теңгені, ей, үміткер, босқа шашпа! Егер еліңнің нағыз азаматы, ұлтшыл қазақ болсаң ғана ол үдеден шығасың. Иә, жоғалтқанымызды түгендейтін бір баһадүр бар ма екен?

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376