«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

«Қазсушарды» трансформациялау шығындарды толық жоюға мүмкіндік берді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша жұмыс жүргізді. Оның ішінде саланың негізгі кәсіпорындарын «қайта жаңғырту», сондай-ақ бүкіл саланың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін күшейту шаралары қолға алынды.

 Атап айтқанда, «Нұра топтық су құбыры» РМК «Қазсушар» РМК-мен біріктірілді. Сонымен қатар кәсіпорынның бейінді емес активтерін, оның ішінде топтық су құбырларын коммуналдық меншікке беру жөніндегі Жол картасы бекітіліп, іске асырылып жатыр.

 Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК жарғылық қызмет түрлерін кеңейту жұмыстарын қолға алды. Ал ашықтықты арттыру мақсатында жыл басынан бері кәсіпорында суару суы үшін қолма-қол төлем жасау толығымен тоқтатылды. 2026 жылы су тұтынушылармен жасалатын барлық шарт жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта жасалады.

 Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде кәсіпорын шығындарды толық жойып, өткен жылды пайдамен аяқтады. Дебиторлық берешек 90%-ға азайды.

 «Қазсушар» РМК-ны реформалау бизнес-процестерді қайта құру мен автоматтандыруды, филиалдардың қызметін жоспарлау және тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды, кіріс пен шығысты басқаруды орталықтандыруды, жобалық басқару қағидаттарын енгізуді және жарғылық қызмет түрлерін кеңейтуді қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорынның техникалық паркі жаңартылып жатыр. Былтырдың қорытындысы бойынша техника паркінің 27%-ы жаңартылды», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

31.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰР АТАҚҚА ЕМЕС, ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ БОЛҒАЙ!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - 26.08.2026 312

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27305
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26817
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44138
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39895
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44474