Қойшыбай Есентаев, журналист: Өтірік, мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тоқтатылсын!

Қойшыбай Есентаев,   журналист:  Өтірік,   мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тоқтатылсын!

Кешегі күннің рақымын сезіндік. Өткенге өкпе жоқ. Қазақ халқы өз таңдауын жасады. Болашақ үшін күрес басталды. Тағына отырған Президенттің қадамы қалай болады, нендей өзгерістер жасайды?! Міне, көптің ойындағы жұмбақ осы.

Алашпыз арман сұрар

Сенен де, Арай!

Жүзеді, қайран жұртым, кемең қалай?

...Айраның айран емес, іркіт болар,

Байрағың салбыраса төмен қарай... –деп ақын Ғалым Жайлыбай жырлағандай, тұма қазақ ертеңіне үңіліп, бірлігін ойлап бүрісіп отыр. Тыныш заман болып, қолымыз аузымызға еркін жетсе, халықтың жұмысы мен тұрмысы түзелсе, көңілге медеу. Тумасынан аталар ақылына, ұйыстырар ісіне үйренген қазақ атасына, ағасына, бастығына, президентіне қарайды. Жаңа сайланған Президентке үміт артып, құлдырап қалған экономикамызды қалпына келтіріп, әлемдік өркениетке жетуін аңсаймыз.

Президенттен қандай реформа күтеміз?  Президент Тоқаев жасап жатқан реформа аз емес. Бірақ тиімділігі көрінбейді. Халық Президенттен батыл қадам, ұтымды да ұтқыр шешім қабылдағанды қалайды. Басқару жүйесіне тың өзгеріс қажет. Кабинеттік, пайдасы жоқ жүйеден арылу маңызды. Жасалған жоспарлар күнделікті өмірмен сәйкес келмейді. Күрделі бағдарламалардың тиімсіздігін көрудеміз. Олардың орындалғаны некен-саяқ.

Халық пен билік арасында тығыз байланыс жоқ. Көп шенеунік халықпен тіке сөйлесе алмайды. Жұмысты білмейді. Білмеген соң, Президенттің реформасы жүрмейді. Президент барлық ауылдар мен аудандарда әлем елдеріндегідей технологиялық өндіріс орындары мен ауылшаруашылығының заманауи жетістіктерін орналастырып ұйымдастыруға ұйытқы болуы шарт. Сонда біздің елдің экономикасы өркендеуге аяқ басады.Кемшілікті білген түзейді. Мемлекеттің қаражаты далаға бостан-босқа кетіп жатыр. Аймақтарға егін, мал шаруашылығына бөлінген қыруар субсидиялардың пайдасынан зияны мол. Пайдасы жоқ.

Жаңа экономикалық бағдарлама керек. Оны кабинетте отырған, өндірістің не екенін білмейтіндер емес, өндірістің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген, істің, кәсіптің қыр-сырын білетін жергілікті жердегі мамандар жасаса, жетістікке жетуге әбден болады. Өтірік мақтаншақтық, бос даурығу, жалған ақпар тарату тыйылса игі.

Алдағы жеті жыл, жеті бағытта басты даму бағдарламасын қабылдап, жеті жылда халық тұрмысын жеті сатыға көтереді деп сенейік. Президенттің саяси, экономикалық, әлеуметтік, ішкі-сыртқы жағдайды ұтымды қалыптастырып, қазақ халқын бұрын-соңды болмаған жетістіктер бастауына көтереді деп ойлаймын.

 

Нағашыбай Қабылбек, Тілекгүл Есдәулет
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376