Бүгінгі таңда Қазақстанда 6,3 мың ауылдық елді мекен бар, онда 7,6 млн адам немесе ел халқының 38% тұрады. Ауылдық елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі - бұл ауыл тұрғындары үшін инфрақұрылым мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын сипаттайтын көрсеткіш.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қамтамасыз ету деңгейі 64.3% - ға жетті. Бұл көрсеткіш 2022 жылдан бері 2,1% - ға өсті, бірақ көптеген ауылдарда әлі 50% - дан аспады.
Бұл ретте соңғы жылдары қамтамасыз етілу деңгейі жоғары және орташа ауылдар санының артуы байқалады. Мысалы, 2023 жылы 80% - дан астам қамтамасыз етілген ауылдар өткен жылмен салыстырғанда 169-ға өсті. Сондай ақ қамтамасыз ету деңгейі төмен ауылдар саны 277 ауылға азайды(1399 - 2023, 1676 – 2022).