Белгілі қонаевтанушы, кезінде ҚР Мемсыйлығына ұсынылған «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабай биыл Димекеңнің 110 жылдық мерейтойы аясында жер-жерде кездесулер өткізіп келеді. Алматы облысының Іле, Қарасай және Жамбыл облысының Шу аудандарындағы жүздесулері жақсы жалғасты. Әсіресе, Қонаев қаласындағы көрме мен кездесу әсерлі болды. Өйткені Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беру жөнінде 2005 жылы қаламгер бастама көтерген болатын. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында қонаевтанушыға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты жиында сөз сөйлеп, атақ куәлігін тапсырды. Қонаевтанушы, Түркістан Халықаралық шығармашылық конкурсының жүлдегері енді Түркістан облысында өтетін Димекең мерейтойына қатысып, кездесулері одан әрі жалғаспақ.