Қос елдің АШМ-тері жүк транзиті мәселелері

Қос елдің АШМ-тері жүк транзиті мәселелері

     ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левинмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы мәселелерін талқылады. Биылғы жылдың жеті айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $1,4 млрд-тан асты, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға артық. Келіссөздер барысында А.Сапаров Ресеймен  шекарада жүктерді тексеру процесін жеделдетуді ұсынып: «Бұл бізге АӨК өнімдерінің қазақстандық экспортын ұлғайту бөлігінде тауар айналымын өсіруге мүмкіндік береді. Аталған шараны жүзеге асыру үшін өзара тығыз іс-қимыл жасау және жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын проблемаларға жедел әрекет ету қажет», - деді. Ресей тарапы өз кезегінде, шекарадан өту кезінде проблемалар туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін экспорттаушы-кәсіпорындардың тізілімімен алмасуды ұсынды. Кездесу 2021 жылдың 5-8 қазан аралығында «Алтын күз-2021» ресейлік агроөнеркәсіптік көрмесін аралау аясында өтті. ҚР АШМ өкілдері ұсынылған әзірлемелермен, Ресейдің өңірлерінің бірқатар павильондарының өнімдерімен танысып, Ресей Федерациясы аумағындағы әлемдік АӨК өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер қатарына жататын әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізді. Бұдан басқа, «Алтын күз - 2021» агроөнеркәсіптік көрмесін аралау шеңберінде Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Сапаров РФ Ауыл шаруашылығы министрі Д.Патрушевтің, сондай-ақ «Мираторг» холдингі сияқты агробизнес өкілдерінің және т.б. қатысуымен екінші халықаралық агроөнеркәсіптік форумға қатысты. «Алтын күз» – бұл сала мамандары үшін ауқымды іскерлік бағдарламаны қамтитын, ресейлік ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жетістіктерінің ауқымды көрмесі. Биылғы жылы көрменің тақырыптық бағыттары аграрлық сектордың, ғылым мен инновацияның өзекті тақырыптары болды. Көрмеге Ресейдің өңірлері мен таяу шетелдерден көптеген экспоненттер қатысты.

Ермек Сахариев
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 978

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660