ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің назарына «Қайрат» қазақ тілін менсінбей ме?

ҚР Мәдениет және спорт   министрлігінің назарына   «Қайрат»    қазақ тілін менсінбей ме?

Иә, олар қазақ тілін менсінбейді, «Қайрат» футбол клубындағы қазақ тілінің жағдайы осындай. Алматының орталық стадионының жүргізушісі Әділет Бисариев қазақ тілінде хабар таратқаны үшін командадағы жұмысынан босатылған. Мұны ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Әділет 2019 жылдан бері «Қайрат» футбол клубының жүргізушісі болған. Жұмыстан босатылуына футбол клубының демеушісі «1Xbet» букмекер компаниясының шағымы себеп болған. Мұны жүргізушіге «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов айтқан. Әділеттің сөзінше, шағымда «одиниксбет» сөзінің орнына «уаниксбет» қолданғаны да айтылған. Сонда «Қайрат» футбол клубының күні букмекерлік кеңселерге қарап қалған ба? Жүргізуші «1Xbet» өкілдерімен де сөйлескен. Компания қызметкері «Ты ведешь на тойском», «Что такое Әп бәрекелді?» деп айтқан. Әділет бұл жағдайды қазақ тіліне қыспақ дейді. Сонымен қатар жүргізуші жұмыс барысында қазақ тіліне қатысты мәселелердің бар екенін жасырмайды. Әділет іс-шараларда қазақша сценарий мүлдем алмағанын, ойындарда қазақша әндер қосылмайтынын айтады. Әділеттің сөзінше, «Қайрат» командасы өзін халықтық команда деп таныстырғанымен, қазақ тілін менсінбейді. Адамды қазақша сөйлегені үшін жұмыстан шығару барып тұрған заңсыздық пен дискриминация екенін естеріне салып, басшыларын жазаға тарту керек. Алайда жүргізуші Әділет Бисариевтің жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірген «Қайрат» ФК маркетинг бөлімінің басшысы Абылайхан Әділханов Әділетпен келісім алдағы екі матчқа тоқтатылғанын, шеттету туралы алдын ала ескертпегені үшін кешірім сұрайтынын айтады. Ал Әділет Бисариевті ешкім жұмыстан шығарған жоқ дейді. «Іс жүзінде біз Әділетті жұмыстан шығара алмаймыз, өйткені ол ресми түрде «Қайрат» футбол клубының қызметкері емес. Оның клубпен жұмысы жалдау бойынша жүзеге асады» дегенді айтады. Сонымен қатар «Қайрат» футбол клубы мен клуб серіктестерінің мемлекеттік тілді құрметтемейтіндігі жайлы пікірлерге де жауап беріп, «Қайраттың» Қазақстанды халықаралық аренада танытатын клуб екендігін, олар елді, рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтейтінін атап өтті. 

Әділет Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтан тіл мәселесін шешуді сұрады. Сонымен қатар букмекерлік кеңселердің жарнамасына бір заң шықса екен дейміз. Ал Алматының орталық стадионына қаншама жастарымыз барады, онда жас балаларды ертіп баруға қауіптенесің.  Себебі неше түрлі ойындарымен, конкурстарымен өздеріне тартатыны сөзсіз. Ресейлік бір букмекерлік кеңсенің қазақ жерінде саясатын жүргізіп, қазақ тілін қорлауына жол бермей, «Қайрат» футбол клубының да, букмекерлік кеңсенің де басшылығын тексеріп, жауапқа тарту керек. Бұл жайт бұлай қараусыз қалмайды деген ойдамыз. Құрметті Абаев мырза, мұнда «Базз Лайлтерден» де маңызды мәселе бар.

Ермек Сахариев
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659