ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына! Баталов Мұхтардың да, ауылдың да жанайқайын неге елемей отыр?

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына! Баталов Мұхтардың да, ауылдың да жанайқайын неге елемей отыр?

Ауыл және жер. Бұл екі қасиетті де киелі сөзді бөле-жара алмайсыз. Біте қайнасқан ғажайып, ғаламат тұтас бір дүние. Бірінсіз бірінің күні жоқ десе де болады. Қазір Қазақстанда екеуінің жағдайы да мәз емес. Әрине, әлі де болса тіршілігін берекелі етіп өмір сүріп жатқан ауылдар баршылық. Негізінен тұтастай алғанда көптеген ауылдардың жағдайы мүшкіл. Ал жер мәселесінің ушығып кеткені жөнінде қоғамда жиі айтылып жүр. Әсіресе ауылда тұрып жерге жарымай жүргендер қаншама? Жайылым тарылып барады. Шаруа байғұс азын-аулақ малын қай жерге жаярын білмей дағдарып тұр. Алпауыттар мен пысықайлар кезінде жекешелендіріп алған жерін қызғыштай қорғайды. Жер ешкімге сатылған жоқ дегенмен жағдай осындай. Әсіресе мүйізі қарағайдай-қарағайдай компаниялар бағзы заманнан өмір сүріп келе жатқан ауыл тұрғындарын біржолата өз жерлерінен шеттеткен. Заң, билік солардың жағында. Жергілікті әкімшілік те олардың дәргейінен шыға алмайды.

Саясаткер Мұхтар Тайжанды көпшілік жақсы біледі. Жер мәселесі жөнінде шырылдап жүрген азамат. Жер комиссиясының мүшесі. Жақында Мұхтарға бір аудан және бір ауылдың бас көтерер азаматтары, белсенділері келіп көмектесуін сұраған. Қолдарында 500 адамнан қол қойған қомақты хаттары бар. Бірі Кеген ауданының, екіншісі аты бүкіл республикаға танымал Қызылағаш ауылының тұрғындары. Екі елді мекеннің шағымының басты тақырыбы жер.

Мысалға Қызылағашта 1420 гектар суармалы жер бар. Соның бәрін «Ақсу агро» холдинигі иеленіп алған. Жастарға жұмыс істейін десе жер жоқ. Керім ақсақал және жанындағы азаматтар ашына сөйлеп, Мұхтар Тайжанға хаттарын тапсырды. Ауылда 3500 тұрғын бар екен.

Екінші топ Кеген ауылынан келіп шағымданған. Бастамашыл топтың жетекшісі Нүкебаев Мақсаттың сөзін сол күйінше берелік:

– Біздің ауданға 2005 жылы «КазМисс» компаниясы келді. Қазір оның құзырында 14 мың гектар жер бар. Егістіктер, жайылымдар, қоршалған жерлер… Аудан басшылығы компанияға қолдау көрсетіп тұр. Мал жаятын жер жоқ. Инвестор деген аты ғана. Басқа ауылдарды айтпағанда компания өздері тұрған Ақбастау ауылына да ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл компанияның ауданға зияннан басқа пайдасы жоқтығын жеткізді. Шұрайлы жерлердің барлығын иемденген. Тіптен малдың өлекселерін көметін полигондары да жоқ. Әр-әр жерге көме салады екен. Шөп қымбат. Бұл ауданда да жайылымдық жоқтың қасы. Жергілікті фермерлердің де басты проблемасы, уайымы осы.

Мұхтар Тайжан өзінің қолындағы хаттарды Президентке жеткізуге уәде берді. Ол қыста облыс әкімі А.Баталовқа кірген, мән-жайды түсіндірген. Көктем, жаз өтті. Бірақ, облыс басшысы қазірге дейін ләммим демей отыр. Мұхтардың айтуынша келер жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Жер туралы заң біраз мәселелерді шешпекші. Заң Жер кімнің қолында екенін айқындайды, жария етеді. Жер иелерінің нақты жоспарларын алдымызға жайып салады. Жайылымдар жөнінде нақты деректерді анықтайды.

Оны да уақытында көре жатармыз. Қалың бұқара заңға сенбейді. Себебі елімізді жемқорлық жайлаған. Алпауыттар қазір де заңды белден басып отыр. Ол кезде де солай болады-мыс. Әрине, Мұхтар Тайжанға рахмет. Елмен жүздесті, мұң-мұқтажын тыңдады. Енді міне шағын хаттарды алып астанаға аттанды. Мұхтармен сөйлестік. «Қолымнан келгенін аянбаймын. Біз бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Бүкіл ауылдар бірігуі керек» деді ол ақтарыла сөйлеп.

Иә, ауылдардағы жағдай осындай. А.Баталов мырза кезінде Қызылағашта апат болғанда (ол кезде орынбасар) басы қасында жүрген. Күні-түні жүріп ауылдың жарасын емдеп, аяғына тұрғызған. «Енді жерді өздеріңіз пайдаланасыздар. Тоспа бар. Тек еңбек етсеңіздер болды. Сіздерге әрдайым көмектесемін» деп уәде берген. Сол уәдең қайда Баталов мырза?

Жалпы ауылдар жемқорлықтың құрсауында. Өз жерін пайдалана алмай құсалықпен күн кешіп жатқан ауыл тұрғындарына көмектесудің жаңа жүйесі қажет. Әйтпесе…

 

Ертай Айғалиұлы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 237
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 234
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 736
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 859
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 772

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8927
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8323
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11548
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9307
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10535