ҚР Ұлттық музейіне – 10 жыл: «ДАЛА КЕСКІНДЕМЕСІ: РӘМІЗДЕР, БОЯУЛАР, БЕЙНЕЛЕР»

ҚР Ұлттық музейіне – 10 жыл: «ДАЛА КЕСКІНДЕМЕСІ: РӘМІЗДЕР, БОЯУЛАР, БЕЙНЕЛЕР»

 

2024 жылғы 5 cәуір күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай Ұлттық музейде «ДАЛА КЕСКІНДЕМЕСІ: РӘМІЗДЕР, БОЯУЛАР, БЕЙНЕЛЕР» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 15: 00-де БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 16: 00-де көрменің ресми ашылуы өтеді.

Көрме экспозициясы ҚР Ұлттық музейінің қорларынан жинақталған. Көрме кураторы – Ольга Батурина (Art Society), өнертану профессоры, спикер.

Мерейтойлық көрме қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің ең жарқын бейнелерін ұсынады. Көрмеге көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар қойылады.

Көрмеде ҚР-ның аса көрнекті және танымал өнер шеберлерінің ең керемет, аңызға айналған жұмыстары, сондай-ақ жас және талантты авторлардың заманауи туындылары ұсынылады. Көрмеге келген қонақтар барлығы 50 автордың 250 туындысымен таныса алады. Көрмеге Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайлов, Орал Таңсықбаев, Салихитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайлова, Камил Муллашев және басқа да көптеген суретшілердің жұмыстары қойылған.

Көрменің тұжырымдамасына сәйкес көрме кеңістігі «Қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер», «Табиғат бейнелері – алуан түрлі пейзаждық мотивтер», «Қазақстан өнеріндегі суретші әйелдер», «Қазіргі заманғы өнер – жаңа есімдер» сияқты тақырыптық аймақтарға бөлінген.

Көрмеде белгілі режиссер Бақыт Қайырбековтың «Су жолы» деректі фильмі көрсетіледі. Фильмде Қазақстан табиғатының бейнелері қобыз, домбыра музыкасымен сүймелденіп,  режиссердің өзінің шығарған өлеңдері оқылады.

 

Art Society - өнер саласындағы білім беру, медиа және маркетинг бағыттары бойынша жұмыс істейтін қазақстандық жоба. 2020 жылдан бастап Алматы мен Астана қалаларында өнер саласындағы жобалармен айналысады. Болашақта Art Society ұжымы өз қызметін бүкіл Қазақстан аумағы бойынша кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ольга Батурина - 30 жыл бойы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 30 жылдық еңбек өтілі бар өнер теориясы мен тарихының оқытушысы. ҚР-да өнерді дәріптеу саласындағы жұмысы үшін «Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстан өнері туралы бірнеше кітаптардың авторы, отандық және халықаралық (соның ішінде Париждегі ЮНЕСКО жанындағы) жобалардың кураторы. Art Society-де өзінің авторлық дәріс курсын жүргізеді.

05.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 24
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 55
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 37
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 63

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1210
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7255
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11119
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7318
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7466