Қ.Тоқаев: «Самұрық-Қазына» қорында реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн

Қ.Тоқаев: «Самұрық-Қазына» қорында реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн

«Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі мәселесіне тоқталған Президент, бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайтынын айтты. «Осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың KEGOC, ҚТЖ сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлықдерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма?! Яғни «ұлттық байлықты еселей алды ма» деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады?! Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?!», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қорға қатысты Үкіметке тиісті тапсырма берді. «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорда реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн», деді Президент.



 

Ермек САХАРИЕВ
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4138
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4317
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19264
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17923
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21370