Құлақ сал, азаматтар, ойы зерек!

Құлақ сал, азаматтар, ойы зерек!

 

Құлақ сал, азаматтар, 

                         ойы зерек,

(Жаратқан сұратпасын 

                     жаттан көмек)

Тұрғанда көрші достар 

                      көз алартып,

Осынау сын сағатта 

                   кімдер керек?!

 

Төбеден қатер төнсе де,

Туралап ажал келсе де.

Турасын айтар тайсалмай,

Әйтекедей би керек!

«Теңдігім атар таңым» 

                                    деп,

«Арымнан құрбан 

                     жаным» деп.

«Елім» деп өткен еңіреп

Махамбеттей Ер керек!

 

Тілім, дінім, жерім де,

Өз байлығым өзімде.

Көк байрағым көгімде,

Тәуелсіз мықты Ел керек!

 

Болашағым – ертеңім,

Ертеңім – өріс-өркенім.

Қорғаны Қазақ Елімнің,

Ұландарым, сен керек!

 

Уа, құрметті ағайын!

Екі жақтан, «қазақ жері менікі» деп, «соғысқұмар аю мен айлакер аждаһа» аузын ашып тұрғанда «әр қазақ – жалғызым» деп, тәуелсіз қазақ елімнің біртұтас мықтылығы үшін жанын салып күресіп жүрген Қазыбек Иса сияқты арда азаматтарымыздың «Түркі тілдес, Тұран одағын» құру керек деген ұсыныстарын бүгіннен бастап, бір кісідей қолдауымыз керек. Ол үшін рухы биік, баянды бірлік керек.

Бірлік бар жерде тірлік бар,

Тірлік бар жерде елдік бар.

Осыны ұққан қазақтың 

Қай ісінде кемдік бар! 

Рухани жаңғырып ой мен сана, 

Көк байрағым көгімде тұрса дара.

Рухы мықты, мәңгілік ел боламыз,

Билік, байлық өзімде болса ғана!

Мұрат Сыдықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, ақын-жырау, Арал қаласы
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 27
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 974
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7026
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10869
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7092
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7232