Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтарға қорқынышсыз өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі таңда жалпы қылмыстылық деңгейі төмендегеніне қарамастан құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері алдыңғы қатарда қалуда.
Қоғамда қауіпсіз ауданда тұру және қылмыстылықтан қорғауды қамтамасыз етуге талаптар өсе түсуде.
Осы орайда аудан прокуратурасының бастамасымен 18.07.2023 жылы 2023 жылдың 6 айында аудан көлеміндегі қылмыстылық деңгейі және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында уәкілетті органдардың қабылдаған шараларының жай-күйі мәселесі бойынша Мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Аталған мәжіліске аудан әкімі, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімінің басшысы және мүдделі қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіне шығарылған мәселе толығымен талқыланып, жиын қорытындысымен хаттама түзіліп, орындау үшін мүдделі органдарға жолданды.