Ағымдағы жылдың 17-18-қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты бірқатар құрылымдық мекмелердің күнделікті жұмыстары басқарма тарапынан зерделенді.
Соның ішінде:
- «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бүгінгі таңда 54 қызмет алушы тұрып жатыр, бос орындар -13. Қызмет алушылар күнделікті 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Орталық күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ әлеуметтік еңбек арқылы бейімделуге мұқтаж жүйке ауруымен ауыратын 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме. Тәулік бойы қызмет алушыларға стандарттың 8 бағыты бойынша толық көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Орталық ғимараты пандустармен, тактильді жолақшалармен, нұсқаушы белгілермен жабдықталған. Қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 84 бейне бақылау камерасы орнатылған. 20 бейне бақылау камерасы сыртқа, 64 бейне бақылау камерасы ғимараттың ішіне орнатылған (оқу кабинеттері, акт залы, асхана, емдік дене шынықтыру кабинеті, физио кабинет, жатын, ойын бөлмелері, дәліздер).
Зерделеу жұмыстарымен асхана жұмысы, ішкі және сыртқы санитарлық тазалық жұмыстары, ғимаратты жылумен және электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері, тұрғындардың тұрмыс жағдайлары қамтылды.
Күнделікті ас мәзірі дайындалып, қызмет алушылар соған сәйкес тамақтандырылуда. Азық-түлік өнімдерімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Тұрғындардың бөлемелері қажетті мүліктермен толық қамтамасыз етілген. Ішкі-сыртқы тазалығы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Орталықтың ғимараты автономдық модульды қазандығы арқылы көгілдір отынмен жылытылады. Қысқа дайындық жұмыстары толық жүргізіліп, жылу 15-қыркүйектен бастап берілген.
- №7 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында жалғызбасты қарттар толық мемлекет қамқорлығына алынып, оларға 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Бүгінгі таңда 15 орындық Орталықта 14 адам тұрып жатыр, тамақтанушылар саны 14 азаматты құрайды. Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 16 бейнекамера толық жұмыс атқарады.
- Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында бүгінгі таңда 29 мүгедектігі бар балалар әлеуметтік қызметттер алуда. Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 14 бейнекамера толық жұмыс атқарады.
- Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығында 21 (6 әйел 15 кәмелет жасына толмаған балалар) мемлекет қамқорлығына алынып, оларға 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 16 бейнекамера толық жұмыс атқарады.
Орталықтардың ғимараттары жеке автономды пеш арқылы көгілдір отынмен жылытылады. Қысқа дайындық жұмыстары толық жүргізіліп, жылу 13-қазаннан бастап берілген.
Зерделеу жұмыстарымен бейне камералардың жұмыс атқаруы, асхана жұмысы, ішкі және сыртқы санитарлық тазалық жұмыстары, ғимаратты жылумен және электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері,тұрғындардың тұрмыс жағдайлары қамтылды. Тұрғындардың бөлемелері қажетті мүліктермен толық қамтамасыз етілген. Ішкі-сыртқы тазалығы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Күнделікті ас мәзірі дайындалып, қызмет алушылар соған сәйкес тамақтандырылуда.
Зерделеу жұмыстары нәтижесінде Орталық басшылығына гүлзарлардың орындарын тазалау, №7 Орталықтың шатырының ауыстырылуына орай, жиналған қоқыстарын шығару тапсырылды.
Құрылымдық мекемелердің жұмыстары тұрақты бақылауда бола бермек.