Құрылыс саласында қарқын бар

Құрылыс саласында қарқын бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім, денсаулық пен бұқаралық спорт салаларын дамытуға баса мән беріп отыр. Әрбір сала бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс», деді Президент. Жалпы, мектептердегі білім сапасын арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан игі істер де өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, бүгінгі таңда Жуалы ауданында жалпы 39 мектеп жұмыс істейді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Тыныбековтың айтуынша, жыл сайын бөлім тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін мектептер мен балабақшаларды күрделі және орта жөндеуден өткізу үшін сұраныс беріледі екен. Нәтижесінде, биыл екі мектепте орта жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар, білім мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнекамерамен қамту іс-шаралары қолға алынған.

– Бүгінгі таңда ауданда білім бөліміне қарасты 39 мектепте 808 камера орнатылған. Қазіргі таңда 4 мектеп мамандандырылған күзетпен, 4 мектеп турникетпен қамтамасыз етілген. Мектептер телефон байланысымен қамтылып, кең арналы интернет желісіне қосылған. Ал, оқу құралдары да жеткілікті. Ол үшін алдағы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін облыстық бюджеттен 244 200 мың теңге бөлінсе, ал оларды тасымалдауға 1 миллион 500 мың теңге қаржы қаралған. Бұдан бөлек, мектеп тасымалы үшін 9 орта мектепке 10 автобус бөлінді. Онымен 18 елді мекеннен 492 оқушы тасымалданады, – дейді бөлім басшысы.

Жалпы, биыл ауданда мектеп ғимараттары жанынан жанама ғимарат салу мен орта және күрделі жөндеу жұмыстары да қаралған болатын. Атап айтсақ, биыл Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясы жанынан жапсарлас акт залы мен шеберхана кабинеттерін салу көзделіп отыр. Акт залы мен шеберхана кабинетінің құрылыс жұмыстарына 256 миллион 967 мың теңге, ал шатырына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін 822 мың теңге қаралған. Бұдан бөлек, Кәріқорған ауылындағы Тұрсын Әкімов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыруға және модульді пеш орнатуға 65 миллион 839,6 мың теңге, Шыңбұлақ ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің спорт залын жөндеуге 6 миллион 357 мың теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар, 2024 жылы Амангелді, Қ.Сағындықов және С.Сейфуллин атындағы орта мектептерді орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде екен.

Ал, медицина саласында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бүгінде халыққа ауданда 47 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 8-і дәрігерлік амбулаториялар, 4-і фельдшерлік акушерлік пункт болса, 34-і медициналық пункт. Бұл сала бойынша салынып жатқан құрылыс жұмыстары да баршылық. Биыл Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық аурухана жанынан жапсарлас ғимарат тұрғызылуда. Оған 39 миллион 800 мың теңге қаралған. Нысанның құрылыс жұмыстарын «НұрТұрсын» ЖШС жүргізуде. Бұдан бөлек, Теріс ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік акушерлік пункттің, Сұрым мен Жылыбұлақ елді мекендерінде 5 келушіге арналған медициналық пункт ғимараттарының құрылысы жоспарлануда. Б ұ л нысандарды салу үшін жалпы құны 438 140 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы күтілуде.

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Нұрбай Ергебековтың айтуынша, алдағы жылы Ынтымақ, Талапты, Қызтоған, Көктас, Шымбұлақ, Қосмұрат, Бақалы, Жаңаталап елді мекендеріндегі 5 келушіге арналған медициналық пункттер мен Б.Момышұлы ауылындағы зертхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Сондай-ақ, мұндай жұмыстарды Тасбастау мен Ақтөбе ауылдарындағы фельдшерлік акушерлік пункттерде атқару жоспарланған.

Мәдениет саласына келсек, бүгінгі таңда Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы басталған нысанның құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, Көлбастау ауылында 149 орындық мәдениет үйінің жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын биыл бастау үшін облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Бүгінгі таңда оның құрылыс жұмысына 207 229 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы жарияланған.

Ал, Б.Момышұлы ауылындағы орталық мәдениет үйіне қосымша жапсарлас құрылыс салу жұмыстарына бюджеттен 63 миллион 894 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігері анықталуда.

Спорт саласында жеткен жетістік те, атқарылған жұмыс та аз емес. Бұл салаға билік тарапынан елеулі көңіл бөлінуде. Бүгінде Б.Момышұлы ауылында сауықтыру спорт кешенінің нысаны бой көтеруде. Сонымен қатар, Кәріқорған ауылында спорт ғимаратын реконструкциялау құрылыс жұмыстарына және Ертай ауылында сауықтыру спорт кешенінің жаңа құрылысына мемлекеттік сатып алу қорытындысы күтілуде.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағының айтуынша, « А у ы л – ел бесігі» жобасы аясында биыл Нұрлыкент, Ертай, Көлтоған және Қарасаз ауылдарында спорт сауықтыру кешені құрылыстарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджетті өтінім беріліпті. «Бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттамаларды мемлекеттік сатып алу конкурсына қойылған уақыттан бастап, құрылысына бюджеттен қаржы қарастырылғанға дейін дайын 21 жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, оның жалпы құны 10 786,4 миллион теңгені құрады. Оның ішінде 3 спорт, 2 мәдениет, 10 тұрғын үй, 4 инфрақұрылым мен 2-і канал бар», – дейді ол.

Жолдауда жүктелген міндеттер аясында ауданда жоғарыда аталған салаларға серпін беріліп, көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Білім сапасының жоғарылауы, денсаулық саласының жақсаруы, спорт пен мәдениет саласының көтерілуі ауданның жақсы имиджін қалыптастыруда.

Марат ҚҰЛИБАЕВ.
23.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 225
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 222
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 725
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 848
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 761

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8916
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8310
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11537
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9294
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10522