Қылмысқа айналған «дәстүр»

Қылмысқа айналған «дәстүр»

Қыз алып қашу қоғамда үлкен наразылыққа ие, бүлік тудырып келе жатқан мәселе. Қазақ қыздарының өмірін күрт өзгертіп, кері әсерін тигізетін нашар әдет. Қыздың көңілінен шығып, назарын өзіне аудара алмаған жігіттер төте жолын іздеп, ұнатқан қызын күштеп алып қашады. Нәтижесінде қыздың болашақ өміріне балта шапқан  олар «Қыз алып қашу  – ежелден келе жатқан дәстүріміз», – деп құтылмақшы болады. Алып қашу, шынында да, біздің салт-дәстүріміз бе? Ата-бабамыз өз жолымен алаңсыз кетіп бара жатқан қыздың тағдырына көлденең килігіп,  мәжбүрлеп оның некесін қиюға құқылы болған ба? Осы тақырыпта біршама мәлімет оқып, іздене келе осы жөнінде қалам тербеуді мақсат еттім. 

Иә, қыз алып қашуды мен  салт-дәстүрге жатқыза алмас едім. Ол тек шарасыздықтан баратын нәрсе. Алайда бүгінгі ұрпақ бұл жағдайды дәстүр деп қарап, оның мағынасын дұрыс түсінбегенге ұқсайды. Қазақ тарихында қыздардың орны әрқашан ерекше болған. Дүниеге келгенінен бастап, «үйіміздің қонағы» деп қарап, аялап, құрметтеген. Уақыт өте келе, ардақтап өсірген қыздарын неғұрлым жөн білетін, текті әулетке ұзатуды көздеген. Немесе, «тең – теңімен, тезек – қабымен» деп, үйлесімді орнын көздеген. Қызға құда түсіп, сұрап келген әулет немесе жігіт ұнамаса, келіспейтіндерін ашық айтқан. Қызын бақытты ете алады деген жігітке ғана, тәрбиелеп қатарға қосады деген әулетке ғана сеніп тапсырған. Лайық көрген сол жұртқа жасауын жасап, ұзатып беретін болған. Осыған байланысты «Сырға салу», «Құда түсу», «Қыз ұзату» секілді салт-дәстүрлер бар. Ал бүгінгі қазақ қоғамында қыздарды қатты жәбірлеп алып қашудың не қажеті бар? Ата-бабамыз қыздарды осыншама құрметтей тұра, қызды «қаладым екен» деп, кез келген адам жар қылып ала салатындай қыз тағдыры соншалық құнсыз болғаны ма?..

Қыз алып қашу алғашқыда қыздың тағдырына салқынын тигізетін  үрдіс емес, керісінше сүйген жұптың бағын жандырып, екеуін қосу үшін ойлап табылған «дәстүр» болатын. Мәселен, жастар бір-бірін сүйе тұра, қосылуға мүмкіндіктері болмаған жағдайда қолданылатын.   Ұнатқан азаматтың қызды сұрап келуге жағдайы жоқ, не болмаса, қыз жақ ұзату тойын жасап, қыз жасауын арттырып беруге жағдайы жетпеген жағдайда, екі жақтың келісімімен «алып қашу» жүзеге асатын болған. Нақтырақ айтар болсақ, қыздың еркінен тыс болатын әдіс. Жасы келген біреулер «қызды шал алмайды, мал алады» деп, қалың малын үстемелеп беріп әкетер болғанда, қыз өзінің сүйген жігітімен қашуға мәжбүр болған. Алып қашу қыздың ата-анасы келіскенімен, болашақ күйеуін қалыңдық ұнатпаған болса, өзі қалаған басқа жігітке, яғни сүйгенімен қосылу үшін осындай қадамға барған. 

Ал, бүгінде қалыптасқан түсінік бойынша, қызды еркінен тыс алып қашып, оны қамап ұстап, кетіп қалмас үшін қарғап қорқытып, үлкен әжелер табалдырыққа көлденең жатып алып, «сен мықты болсаң, мені аттап өтші!» деп сес көрсетіп немесе тіпті күш қолдану мен зорлық-зомбылыққа дейін алып келеді екен. Өкінішке орай, бүгінгі таңда қыз алып қашуды қылмыс ретінде қарастырып, оған қарсы заң болғанына қарамастан, өздерінің әрекеттерін «Бұл біздің салтымыз»  деп ақтауға тырысатын ерлер қауымы шектен шығуда. Әрине, оның көптеген жаман салдары да жоқ емес. Бірнеше рет кетуге тырысып, қолынан келмеген қыздар «үйіме қайта оралсам, туған-туыс, таныстарымның арасында «қарабет» боламын деген оймен еріксіз жат босағада қалып жатады. Әдетте сол үйдегі жігіттің жеңгелері күштеп әкелінген қызға: «Біз де сөйтіп келгенбіз. Уайымдама, уақыт өте келе үйреніп кетeсің», –  деп жұбатпақ болады екен. Алайда осындай қисынсыз, дөрекі әрекеттен кейін қыздың бойында пайда болған қорқыныш пен жиіркеніштің арты шынында да махаббатқа алып келе ала ма?  Өйткені ол жерде екі түрлі қылмыс қалыптасады. Бірі – адам ұрлау бойынша қылмыс. Екіншісі – қызға  жасалған зорлық  әрекеті. Бәлкім, мұндай қорлыққа төзе алмаған қыз бастапқыда болмаса да, уақыт өте келе өмірімен қоштасуды дұрыс шешім деп табатын шығар. Бұның бәрін біз тізіп, атап шыға алмаймыз. Бәлкім, шынында да алып қашудың нәтижесінде бақытты отбасылар қалыптасқан да шығар. Дей тұрғанмен, ондай оспадар бұзақылық адам құқығын таптаумен бірдей. Бүгінгі ХХІ ғасырдың есебімен алғанда бұндай жағдайлар әлі де бар. Бүгінгідей даму үстіндегі қоғамда бұндай әрекетке көз жұмып қарауға болмайды. Алып қашу адамгершілікке жат, жүректі сыздатады, нәзік жандының жанын жаралап, намысын таптайтын жиіркенішті тәсіл. Ол – қоғамдағы тәрбиесіздік пен дөрекіліктің айқын белгісі. Мәдениетсіз бейшаралықтың, оспадар бейпілдіктің нышаны. 

 

АҚБОТА АБАЕВА, мектеп оқушысы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 14
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639