Қысқы киімге арналған сәнді түстер мен трендтегі аксессуарларды қалай таңдаймыз?

Қысқы киімге арналған сәнді түстер мен трендтегі аксессуарларды қалай таңдаймыз?

Түстер тек эстетикалық элемент емес, олар эмоциялар мен көңіл-күйді жеткізетін вербалды емес тіл. 2024/2025 күз-қыс маусымы үшін Pantone түстер институты комфорт  пен  трендтердің жаңаруына көмектесетін палитраны таңдады.

2024/25 күзгі-қысқы коллекциялар алдыңғы маусымдардан айтарлықтай ерекшеленеді: олар классикаға жақын , орташа сексуалды, талғампаз және әйелдік нәзіктілік. Бұл маусымның сәнді түстері табиғатты, жайлылықты және сезім тереңдігін көрсетеді. Сән палитралары жарқын және еркін образдарды  жасау үшін әртүрлі комбинацияларды ұсынады, бұл бізге эксперимент жасауға және алдағы қыста сәнді киінуге көмектеседі. Сондықтан төменде бекіткен түстер мен аксессуарларды қолдана отырып эксперимент жасауға қорықпаңыз.Әр мезгілде өзіңізді жаңа қырыңыздан аша біліңіз. Өз ойыңызда жүрген батыл образдарды осы маусымның  сәнді түстерін қолданып ерекшеленіңіз.

Түстердің маңыздылығына неғұрлым ерік беріп креативті қарасақ,қарапайым,қолжетімді  палитралардың өзі күнделікті стильге басқаша леп береді. Бастысы,образдар құрастыруда «үш түс»ережесін қолданыңыз.Ол деген күнделікті образыңызда кемінде үш түрлі түстер қолданылса,сіз біртабан сәнді көрінуіңізге жол аштыңыз деген сөз.

Түстерден кейінгі маңызды деталь-аксессуарлар.Күніңізді жоспарлағандай қысқы маусымғада өз сатылымыңызды жоспарлай біліңіз.Себебі тренд соңынан еріп,өз стилімізді түсінбей кейде өз табиғатымызға жарасымсыз образдарғада шығындалып жатамыз.Менің  мақсатым-тренд соңынан қуып ақылсыз сатылым емес,керісінше түстер мен детальтарға дұрыс назар аудартып,талғамды киінуге көмектесу.Осы орайда кез келген жасқа лайық,кез келген стильді толықтырып,сәнді көрсететін қысқы аксессуарларды ұсынғым келіп отыр :

1.Митенкилер мен қолғаптар

Бұл аксессуарлар  подиумдарда  бүкіл коллекцияларда өте көп кездесті.Тек қана қар жауып боран болғанда киіп жүрген қолғаптарыңызды басқада киімдермен байланыстырып киюді ұсынамын.Мысалы, күнделікті жеңіл блейзермен,кең иықты пиджакпен және иығы ашық киімдермен.Және мерекелермен жиындарда батыл түрде торлысын,тауға шыққанда  тоқылған түрлерін  сәйкестендіріп  киіңіз.Бұл сізге біріншіден жылылық,екіншіден ерекше көрінуге көмектеседі.

 

2.Мөлдір көйлектер

Егерде сіз сексуалды,нәзік,басқарушы,тартымды көрінгіңіз келсе мөлдір киім үлгісіндегі көйлектер гардеробыңызда міндетті түрде болсын.Бұрын мұндай көйлектер тек тойларда,қызыл кілемдерде киілеген болса,қазір достармен кездесуде және  әріптестермен  кешкі аста ерекше көзге түсетін образ ретінде саналады.Және мүсініңізді айқындап сізді одан сайын тартымды көрсетеді.

3. Былғарыдан жасалған киім

Былғарыдан жасалған киімдер кез келген әйелдер гардеробында  кездеседі және ешуақытта джинсы секілді сәннен қалмайды.Тығыз,қоңыр-күңгірт түстісінен бастап   классикалық қараға дейін.Образыңызға былғарыдан жасалған элемент қосқыңыз келсе,оның тек бір элементті түрде болғанын қадағалаңыз.Сол арқылы  образыңыз арзан шықсада қымбат көрсете аласыз.Мысалы,тек шалбар немесе юбка,сыртқы киім немесе аксессуар былғарыдан болсын.

4.Жасыл реңктердің барлық түрлері  

Жасыл түс психологияда  тыныштық туралы ойларды тудырады.Ал бұл түстерді образдарға қолдансақ жаздағы вайб пен жақсы эмоциялар бірден ойға түседі.Дизайнерлер жасыл түстер көмегімен жасалған коллекциялар нағыз  өмірдегі позитивті,комфорттылықты көрсететін образдар деп санайды және бұл түспен кез келген мезгілде образдарды толтыруға шақырады.Сіздерге ұсынатын палитралар - жасыл түстің барлық түрлері, хакиден қоңырға дейін.

5.Тоннан  жасалған аксессуарлар

Күзгі-қысқы маусымды тонның элементінсіз  елестету мүмкін емес.Жыл сайын подиумдарда әр түрлі коллабарацияларды көре аласыз. Бұрын дизайнерлер коллекцияларда тек тондар мен қой терілерінен жасалған сырт киімдерді  ұсынған болса, қазір сөмкелер, аяқ киімдер, көйлектер, юбкалар мен курткаларға тон элементімен өте  жарасымды және өзгеше.Образыңызға нәзіктік пен талғампаздық береді.

6. Түрлі түсті шұлықтар  

Былтыр қызыл түсті шұлықтарды қыздар жаппай сатып ала бастады.Егер сіз әлі сатып алмаған болсаңыз,әлі сатып алып үйлестіріп кие аласыз.Сәннен әлі шыққан жоқ.Сонымен қоса сары,жасыл,күлгін,ақ түстер кез келген образды ерекшелендіреді.

7. Қызыл түстің барлық  реңктері

Бұл түстер - жарқын және көңілді, энергиямен, құмарлықпен және сенімділікпен байланыстылығы сезіледі.Қандай стильдегі образ болмасын сіз оған қызылдың бір реңкін қоссаңыз , адамдарды бірден назар аудартады және образға  драма қосады.

Классикалық түстер мен  қоңыр түстер жалығарлық болып кетсе немесе стиль өзгерткіңіз келіп жүрсе міндетті түрде образға Scarlet Smile-ді қолданып көріңіз.Бірден батылдығыз жетпесе, аяқ киім мен сөмкеге назар аудартудан бастаңыз.Бұл түстер классикалық ақ,қара,сұр түстермен керемет үйлеседі.

8. Үлкен әшекейлер

Зергерлік трендтер сәнге қарағанда көп өзгере бермейді.Әйтседе әлемдегі нарық-подиум мен тиктоктағы сұраныспен ауысып отыр.Байқасаңыздар сән қайта өткен жылдардағы стильге жиі оралуда.Айналып бұрынғы трендтер қайта нарықта сұранысқа шығуда.Мысалы,аксессуарлар бойынша 80-ші жылдардағы түрлі-түсті зергерлік бұйымдар қайта оралды.Енді гардеробыңызды  үлкен білезіктер мен үлкен көлемді әшекейлермен толықтырыңыз.Оларды мойны жабық және ашық иықты киімдермен үйлестіріп сәнді көріне аласыз.

Лаура Шекер
20.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 19
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 591
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 602

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11367
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9120
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10351