Қыз-келіншектер құрметке бөленді

Қыз-келіншектер құрметке бөленді
Осы аптаның ортасында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында жоспардан тыс жиын өткізілді. Оған себеп "Нағыз патриоттар" қоғамдық бірлестігінің басшысы, ауданның белсенді азаматшасы Ғалия Әділқызының әлеуметтік желідегі бастамасы болатын. Оны қаперге алған аудан әкімі жазбада есімі аталған қыз-келіншектерге құрмет көрсетуді тапсырған.
Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев әр түрлі салада тер төгіп жүрген нәзік жандармен жүздесіп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар іссапарда жүрген Сәкен Қаланұлының құттықтауы мен сәлемін жеткізді. Одан бөлек Ғалия Әділқызының ұсынысы орынды екенін айтып, қыз-келіншектерді ынталандыру ісіне үлес қосқаны үшін алғыс айтты.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек адамын көтермелеу, оның көзге көрінбейтін еңбектерін ел арасына дәріптеу қажеттілігі туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі шара соның айғағы деуге әбден болады,-деді Нұрлан Сегізбайұлы
Сондай-ақ осы шараға себепкер болған Ғалия Әбітаева да бастамасын ескерген аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, әрбір жиынға қатысушы нәзік жандардың құрметке лайық істерін атап өтті.
Шара соңында марапаттау рәсімі өтіп, бірқатар әйелдер аудан әкімінің Алғыс хаты мен бір-бір шоқ гүлдеріне ие болды. Сондай-ақ марапатталған жандардың құрметіне Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, қошеметке бөленді.
Шу ауданы әкімдігі
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 835
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6909
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10748
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6978
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7119