Рәбиға Сыздықованың 100 жылдығы аталып өтті

Рәбиға Сыздықованың 100 жылдығы аталып өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ІІІ және І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Türk Dil Kurumu мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, аса көрнекті түркітанушы-лингвист академик Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жаһандану әлеміндегі ғылымның дамуы: Түркітану. Лингвистика. Филология» тақырыбында халықаралық конгресс өз мәресіне жетті.

Бұл айтулы іс-шараны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық Түркі академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы біріге ұйымдастырды. Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық 1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989). Саналы ғұмырын тіл ғылымын зерттеуге арнады. Ғалымның зерттеу бағыты қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, ахметтану, лингводидактика салаларына бағытталған. Артына өшпес мұралар қалдырған көрнекті ғалым 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болды. Ғалымның 100 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылған Халықаралық конгреске қоғам қайраткерлері, қазақ тілтанымы, түркітану, филология және лингвистика бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Халықаралық конгресте Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Конгресс барысында Рәбиға Сыздықтың ғылыми мұрасы туралы қазақ-түрік тілдерінде жарық көрген хрестоматияның таныстырылымы өтті. Академиктің тіл тарихы, жазба ескерткіштердің тілі, Абайдың сөз өрнегі, Алаш зиялыларының ғылыми ізденістері, ортология, әдеби тіл, сөз сазы, сөз мәдениеті, стилистика, лексикология және лексикография саласындағы зерттеулері қазіргі қазақ лингвистикасы мен түркітануды жаңа белеске көтерді. Конгресс жұмысы барысында Рәбиға Сыздықтың ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология мен түркітанудағы жаңа ғылыми парадигмалар талқыланды.

 

Саяжан ҚАЙДАР

24.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362