Қазақ тілі Әділетті Қазақстанның төрінде отыруы тиіс

 Қазақ тілі Әділетті Қазақстанның төрінде  отыруы тиіс

Өткен аптада қуанбаған қазақ жоқ шығар, сірә. Неге дейсіз ғой? Негізі, қазақ көп қуана бермейді. Үш ғасыр бойына бодандықта болған халық қайбір оңсын?! Мұндай зұлымдықты, қатігездікті ешкімнің басына бермесін. Ал қазақ халқы осы үш ғасырда не көрмеді дейсің! Орыс империясы қазақ халқына құл, бодан, міскін, бейшара ретінде қарады. Қазақтарды жер бетінен жойып жіберу үшін олар қолынан келген зұлымдықтың, қатігездіктің барлығын жасады. Қолдан ашаршылық жасап, қынадай қырған нәубет жылдарды қазақ ұмыта ала ма? Жоқ! Бас көтерер зиялыларын, азаматтарын көз алдарында атып, асқанын кешіре ала ма? Жо-оқ! Бірақ қазақ міскіндікті, құлдықты, бодандықты мойындаған жоқ. 300 рет көтеріліске шықты. 300 рет қан-жоса болып жаншылды! Сонда да рухы сынбады.  Көтерілді,  қайта  құлады, қайта тұрды, қайта шамырқанды!  Желтоқсан көтерілісі, міне, соның жарқын да рухты көрінісі. Бүкіл әлем алпауыттары «СССР» деген сөзден, империядан өлердей қорықты, үрейленді. Ал қазақтың өндірдей жап-жас ұл қыздары бес қаруы сай зұлым орыс әскеріне 1986 жылы қорықпай қарсы шығып, әділеттілікті, бостандығын талап етті. Тілі мен ділінің тапталмауын талап етті. Қызыл империя жендеттері, әлбетте, оларды аяған жоқ. Қырды, қамады, зорлық-зомбылық көрсетті.

Иә, қазақтың маңдайына көп қуануды жазбаған сияқты көрінеді. Әйтпесе жан жадыратар шуақты шақ болса, неге қуанбасқа?! Жаны, ділі, рухы, тілінің мәртебесі көтеріліп жатқанда неге қуанбасын! Қуандық. Бүкіл қазақ қуанды, шаттанды. Сона-ау 1989 жылы Тілі мемлекеттік мәртебе алғанда қазағым айран-асыр қуанған. Енді міне, «Қазақ тілін білмегендер азаматтық ала алмайды» деген сөзге балаша шаттандық. 30 жыл НӘН-нің зұлымдығынан жапа шегіп, тордан шықпаған Қазақ тілінің осылай мәртебесінің өскені қазақтың мәртебесі өскені емес пе? Өз елінде жүріп бұлай қуану, меніңше, әбестік те сияқты. Амал жоқ... енді осылай мәртебеміз өсіп, рухымыз шамырқана бергей!

Қазақ тілі – қазақтың рухы, намысы. Қазақ тілі – Тәуелсіздігіміздің ең қуатты тірегі һәм жүрегі. Тілі үшін, ділі үшін қаншама арыстарымыз, бауырларымыз жанын берді, қанын төкті. Енді өз тіліңе, діліңе ие болатын кез келді, қазағым! Оған ие болғаның – Тәуелсіздігімізге ие болып, оны аялап, сақтағаның. Біз сонда ғана арманда кеткен бабаларымыздың аманатына адалдығымызды дәлелдейміз. Рухты, намысты болайық! Әділетті Қазақстанның төрінде тек Қазақ тілі отыруы керек.

Айдана САНАТ
30.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 204
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 46
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 219
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 237
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 207
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 203
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 226
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 215
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 223

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10500
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12716
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11686
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16699