РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
13 қыркүйек күні Ақтөбе облысында «Еркелей аққан ор өзені» дәстүрлі XVI республикалық ән байқауында Түркістан облысының атынан әнші, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Айдос Әлқуат бақ сынап, жүлделі III орынды қанжығасына байлады.
Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау ІІ кезең бойынша өткен. Ол I кезеңде Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған ақтөбелік танымал композитор Бейбіт Оралұлының «Алғашқы көктем» әнін, ақтық кезеңде Ақтөбе облысынан шыққан ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым елім» әнін орындады.
Қатысушылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, әйгілі Димаш Құдайбергеновтың ұстазы Марат Әйтімов, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Болысбек Қайрат және «Дарын» жастар сыйлығының иегері, вокал шебері Нұртас Омаров сынды кәсіби мамандар бағалады. Олар байқауға қатысушы үміткерлердің әнді орындау шеберлігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, табиғатына сай ән таңдауына, дауыс диапазонына, әртістік қабілетіне баса назар аударды.
Айта кетейік, аталмыш сайыстың мақсаты өңірден шыққан композиторлардың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты әнші, орындаушыларды анықтауға, дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 63
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 63
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 57
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 57
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 78

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4746
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6744
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5152
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6356