РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Ұлы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ…» деп текке айтпаған.
Тарих бетінде ұлы ұлт боп қалуы үшін ұрпақ саналы, білімді, еңбекқор болуы тиіс.
Ал ұлт ұрпағы білімді болуы үшін оларға сапалы білім , саналы тәрбие берілуі керек.
Сонда ғана ел ішінде зейінді, ойы озық, дарынды оқушылардың қатары көбейеді.
Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқаны ақиқат.
Соның арқасында бүгінде өңірдегі білімді жастар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атанып жүр.
Міне, бүгін де осындай жеңімпаздары анықтайтын күн болды.
Атап айтсақ; Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан мектеп лицейде Олимпиада өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, 1 орын алған оқушылар желілік олимпиадаға жолдау алады.
Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ.
Өйткені, әрбір білім сайысы оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға тың серпін береді.
Сәттілік. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
19.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5335
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5492
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20459
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19090
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22551