РУХ ЖЫРЫ

РУХ   ЖЫРЫ

 

Тебіреніп Торғай таситын,

Еміреніп дала жататын.

Жөні де жоқ-ты жаситын,

Жарқырап таңы ататын!

 

Көрсе де түрлі қиянат,

Өлсе де басын имеген,

Шапса да қылыш қиялап,

Рухына жүзі тимеген!

 

Қар астында да көктейтін,

Көкпектей керім – намысы!

Күңіреніп қайғы шекпейтін,

Күмбірлеп шыққан дауысы!

 

Торғайдың сайын даласы

Талайдың болған көз құрты! 

...Бөрідей жалап жарасын,

Кетер ед, әттең, өз жұрты!

 

Ақ патшамен де алысқан,

Ақ семсер ұстап бабасы!

Ленин мен Сталин санасқан,

Ахмет пен Міржақып 

                                      данасы!

 

Ыбырай жаққан шырақты

Сұмырай  ғана өшірмек!

Торғай ол аққан бұлақ-ты,

Бұлақты қалай көшірмек?

 

Тосыннан келді бір апат,

Қосылған қардың суымен.

…Кей шенеунікке рахат,

жайланған судың буымен.

 

Қиналып жатыр қалың ел,

Жиналып жатыр көмек те!

Ұлдары қайтпас жауынгер,

Жүретін ылғи өр шепте!

 

Туған жер, саған алаңмын,

Жуғанмен тасқын, жеңесің!

Ұлылар туған даланың

Баспайды тасқын еңсесін.

 

Көрдік қой тасқын не екенін,

Сендік қой... айттық қанша сын...

Ұлылар туған мекеннің

Ұрылар жемей ақшасын,

Жайнатсын бау мен

                                  бақшасын!

 

Алланың бұл да сынағы,

«Көппенен көрген ұлы той».

Сынбайды Торғай рухы,

Осыны, тарих, біліп қой!

 

 

Нағашыбай Қабылбек

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1163
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7212
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11075
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7276
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7423