РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ

Мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығы сақталуында оның аумағында тұратын түрлі дін және ұлт өкілдерінің өзара түсіністігі мен ынтымағы да маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осындай түсіністік пен ынтымақтың жоқтығынан көпұлтты, көпконфессиялы кей елдерде дінаралық, ұлтаралық қақтығыстардың орын алып жатқаны – бүгінгі күннің шындығы.

Адамдар қаншалықты сауатты, көзі ашық болғанымен де, егер араларында ұлтқа, дінге қатысты келіспеушілік, кемсітушілік орын алар болса, түптің-түбінде оның түрлі жайсыздықтарға, қақтығыстарға апарып соғатыны мәлім. Мұндай жайды сол елде тұрақтылықтың бұзылуын көздейтін сыртқы күштер де өзінің белгілі бір мақсаттарына тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Сондықтан аумағында түрлі ұлт пен дін өкілдері тұратын мемлекеттер бұл бағыттағы тұрақтылықтың сақталуына үлкен мән береді.

Ұлтаралық, дінаралық түсіністік пен ынтымақ мәселесі біздің елімізде де әрдайым мемлекет назарында, оған терең мән беріледі, түрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, әсіресе жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау да осы жұмыстардың ауқымды бір бөлігі. Осы орайда таяуда Түркістан қаласында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Түркістан облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылық – ұлт қуаты» тақырыбында өткен жиын елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен  жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыруды мақсат етті. Семинарға облыстағы дін саласының қызметкерлері ғана емес, дінтанушылар, теолог мамандар, психологтар, қалалар мен аудандардағы дін саласына жауапты мамандар қатысты.

Семинарға қатысушылар аталған іс-шара кезінде «Ислам және қазақ құқығы» орталығының басшысы, дінтанушы-ғалым А.Сабдинмен, Павлодар облысындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» серіктестігінің директоры, танымал ғалым Г.Рыздықовамен кездесті. Дін саласы мамандарының біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өзінің мақсат үдесінен шықты десек болады. Оған қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды. Олар өздерінің алдағы жүргізетін жұмыстарына пайдасы молынан тиетін ақпараттарға қанықты.

 

Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы
28.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 197
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 197
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 212
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 360
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 376

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13250
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28365
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27050
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30545