Санжар БОҚАЕВ: Өтінеміз, өз халқыңызды алдамаңызшы..?!

Санжар БОҚАЕВ: Өтінеміз, өз халқыңызды алдамаңызшы..?!

Саясаттанушы Санжар Боқаев өзінің Инстаграм парақшасында Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жасады. Саясаттанушы Сарапшылар қауымдастығының атынан алты ұсыныс жасап, оның орындалуын сұрайды. Орыс тілінде жасалған үндеуді қазақ тілді оқырман да оқысын деген оймен Мінбер.кз аударып беруді жөн көрді.

«Мен адамдармен өте көп әңгімелесемін, сонда олардың көбінің Қ.Тоқаевқа сенгенін аңғардым.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің халық өте көп күтті және сенді, өтінем олардың үмітін аяқ асты етпеңізші, мұндай мүмкіндік енді сізде болмауы мүмкін. Сол себепті сарапшылар қауымдастығының атынан сізге алты ұсыныс айтқым келеді. Осы пункттерді орындау арқылы сіз елге, халыққа пайдалы нәрсе жасап, келесі сайлауда жеңіп шыға аласыз.

Бірінші: Жаңа кадрлық саясат. Жаңа есімдер.

Ескі кадрлық саясаттан түбегейлі бас тартқан жөн. Менің көргенімдей сіз тағы да сол баяғы адамдарды тағайындап, ескі ойын картасын араластырып қайта қойғандай болдыңыз. Олай болмайды, біз бұған 30 жыл бойы қарадық, одан еш нәтиже шықпайды. Егер жетекші өз ісінен нәтиже шығара алмайтын, жемқор болса, ол тура сондай адамды жұмысқа алады. Ол мемлекеттік аппаратты басып алған – бір тұйық шеңбер.

Екінші: Халықтың ақшасын елге қайтару.

Офшордан елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару керек, ол халықтың ақшасы. Сіз ол қаржының аз ғана бөлігін 10 немесе 20 млрд-н елге қайтара алсаңыз экономикаға дем бересіз. Қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайын көтере аласыз, ол алдағы сайлауда сізге платформа болады.

Үшінші: Әділ сайлау.

Әділ сайлау жүйесін жасау. Оны да жасауға болады. Біз 30 жыл сайлау нәтижесінің әдейі бұрмаланып, жөнсіз өзгертілгенін көрдік. Миллиондаған адамдар дауыс беріп, іштей өздерінің алданатынын білді. Ондайға жол беруге болмайды. Біз мықты сайлау жүйесін енгізген кезде ғана шын мәнінде халық арасынан шыққан кәсіби мамандар келеді. Және олар сізді қолдайды, қазіргі парламенттегі адамдармен сіз ештеңені өзгерте алмайсыз. Сіз шынында осы депутаттармен, осы министрлермен бірдеңені өзгертемін деп ойлайсыз ба?..

Төртінші: Нақты өндіріс қалыптастыру.

Ескі индустриалды-экономикалық саясаттан бас тарту керек, оның еш пайдасы жоқ. Мен осы жылдар ішінде автомобиль, автобус, комбайндарды шеттен дайын күйінде әкеліп, тек дөңгелегін салып Қазақстандық деп сатып келгенін айтып жүрмін. Бұл нағыз өтірік. Әлемдегі ешқандай экономика сапалы өндіріссіз мығым әрі халыққа тиімді экономика құрай алған жоқ.

Бесінші: Халық қала мен облыс әкімдерін сайлау керек.

Қала мен облыс, астана әкімдерін сайлауды кезек күттірмей, биыл енгізу керек. Өйткені халық өз әкімін өзі сайласа әкім халық алдында жауапты. Біз осы жылдар ішінде қайта-қайта белгілі бір адамдарды әкеп тағайындағанын көзіміз көріп отыр. Олардың жұмысынан еш нәтиже шықпады, олардың халық үшін жаны күймейді. Мен көптеген өркениетті елдердегідей, біздің халық та өз әкімін сайлауға хақылы деп санаймын. Сол кезде әкімдер халық алдында, өз аймағындағы тұрғындар алдында жауапты болады.

Алтыншы: Облыстарда Президенттің атынан қоғамдық қабылдау орындарын ашу керек.

Көп күттірмей, әр облыста Президенттің атынан қоғамдық қабылдау орнын ашу керек. Бұл уақытша шара. Аймақтардағы мәселелерді нақты білу үшін керек. Неге адамдар астанаға барады? Неге наразы болады? Өйткені, өңірлерде мемлекеттік органдар мен саяси партиялар өз міндеттерін дұрыс атқармайды. Ол барлық өңірде белгілі жайт. Сол себепті қай жерде қандай мәселе бар екенін біліп, оның мәнін білу үшін президенттің қабылдау бөлімдері ашылуы керек. Ол барлық мәліметті саралауға жол ашады, біз мәселенің қандай екенін білгенде өңірлер мен орталықта мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жасап шығара аламыз. Сол себепті осыны қолға алуыңызды, өтінемін. Осыны қолға алсаңыз халықтың шынайы қолдауына ие боласыз деп санаймын. Біз түсінеміз, сіз өзіңіздің лауазымдық мерзіміңіздің жартысын өткердіңіз, өз шешімдеріңізді еркін жүзеге асурудың мүмкіндігі болмағанын түсінеміз, бірақ, қазір сізде ол мүмкіндік бар ғой, халық та сізді қолдап отыр! Өтінеміз, өз халқыңызды алдамаңызшы?! Өйткені, бұл біздің елдің ең соңғы үміті шығар, біз сізге қолдау көрсетуге дайынбыз, тек уақыт өтіп барады

16.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9010
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8405
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11631
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9389
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10615