Сақтайық тәуелсіз ел мықтылығын!

Сақтайық тәуелсіз ел мықтылығын!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған билік басындағы азаматтарға ҮНДЕУ!

«Əділдік!» – деп ашынып тіл қатқанды,

«Террорист» – деп жұртыма оқ атқан-ды.

Соттау керек, əлемге масқара еткен,

Жендеттерді, көр қазған «ақымақтарды»!

Тұрақты «Бірлік» атты ұранменен,

«Жаңарған Қазақстан!» құрам деген.

Талабың орындалар Қасым-Жомарт,

Əрқашан бірге болсаң халқыңменен!

Халық деген киелі айтқаны ақ,

Халқын сүйген ерлерге Құдайым жақ.

Өрісі кең, өркенді ел болам десең,

Шер-аға айтқан «Қазанның» қақпағын жап!

Көз алартқан көршіні тайраңдатпай,

Шекараңды мықты ғып, жеріңді бақ!

Рухани жаңғырып ой мен сана

Көк байрағым желбіреп тұрса дара.

Сен де аман, мен де аман, əз халқымның,

Өз байлығы өзінде болса ғана!

Дүниенің нəсіп етпей боқты жүгін,

Үлгі етіп қазағымның тектілігін.

Уа, ағайын, рухани бірлікпенен,

Сақтайық Тəуелсіз Ел мықтылығын!

Ел тірегі – қазыналы халқым барда,

Қазақтың əрбір үйі алтын орда.

Тілін, жерін, өнерін өркендеткен

Жаратқан! Ерлерімді Өзің қолда!

Мұрат СЫДЫҚОВ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Халық алғысы» медалінің иегері, Арал ауданының Құрметті азаматы
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА 10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 58
САЙРАМДА  «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 32
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1420
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7461
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11334
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7509
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7666