Шарапаты мол "Шапағат" орталығы

Шарапаты мол "Шапағат" орталығы

         Салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орындардың бірі - Алматы қаласында  «Шапағат» көпсалалы оңалту орталығы ашылды. Орталық қала әкімдігінің бастамасымен және пәрменді қолдауымен жүзеге асты.

      Әр бала бақытты болуға лайық. Хакім Абай атамыз: «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді» деген. Расында, бүгінгі игі бастама үлкен сауапты іс деп айтар едім. Бұл ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға да, ата-аналарға да зор қуаныш сыйлағанына куә болып тұрмыз. Балаларымыздың көзіндегі үміт оты, шексіз қуанышы біздің басты мақсат орындалғанын көрсетеді. Бұл – жүйелі жоспарлы жұмыстың жемісі.

      Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және бейімдеу орталығының жаңа ғимаратының  ашылу салтанатына Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева қатысты.

     18 жастан асқан, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді қабылдайтын орталықтың 100 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар. Қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған, орталық жаңа заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықтың реабилитолог дәрігері  Мақпал Байказакова қызмет алушыларды медициналық оңалту мен қалпына келтіру емін ұйымдастырып отырады. Орталықта  эрготерапия, физиотерапия, терапия, механотерапия, кинезотерапия, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, емдік дене шынықтыру, жаттығу залы, жуынатын бөлме, массаж кабинеттері бар.  Орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған. Емделушілер бір мезгіл дене шынықтырып, бой жазып аламын десе, инструктор мамандар қызметке әзір. Арнайы кабинеттерде дәрігер нұсқауы бойынша түрлі ем-дом шаралары қарастырылған.

         Рас, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін толықтай шешіп тастаған жоқпыз. Десе де салада қыруар шаруа атқарылуда. Бұл орталықтың пайдалануға берілуі сол жұмыстардың бір көрінісі.

         Мүмкіндігі шектеулі жандар нұсқаушының көрсеткен жаттығуларын мүдірмей зор ынтамен қайталауда. Қамкөңіл жандар үшін барлық кешенді жаттығулардың берер пайдасы мол. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, сөз жоқ орталықтың ашылуы ғаріп жандар  өміріндегі тағы бір жеңіспен пара-пар.

        Бүгінгі таңда орталықта 1, 2, 3, 4 бөлімшелердегі қызмет алушыларды қоса алғанда 1,5 пен 18 жас аралығындағы 250 мүмкіндігі шектеулі бала арнаулы әлеуметтік қызмет алуда. Орталықтың  негізгі мақсаты – қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыру, әлеуметке бейімдеу, қоғамға кіріктіру мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Осы мақсатты алға қоя отырып, күндіз болу орталығы қызмет алушыларыға 8 арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін  көрсетеді. Олар: әлеуметтік – тұрмыстық қызмет, әлеуметтік - медициналық қызмет, әлеуметтік -  медициналық қызмет, әлеуметтік - психологиялық қызмет, әлеуметтік - педагогикалық қызмет, әлеуметтік  - мәдени қызмет, әлеуметтік - экономикалық қызмет, әлеуметтік - құқықтық қызмет, әлеуметтік -еңбек. Қызмет көрсетудің әлеуметтік - мәдени қызмет түрі бойынша, "Алматы BALAFEST" қалалық балалар фестивалінің аясында "Шапағат" әлеуметтік қызмет орталығы" КММ қызмет алушылар арасында "Мен қазақтың ұлымын" атты байқау өтті.  "Балалар үшін көңіл бөлініп, өздерін көрсетіп, жақындарының жылуын сезіну маңызды. Мұндай байқаулар балаларға өзін үлкен қоғамның кішкентай бір бөлшегі екенін сезінуге мүмкіндік береді" - деп, бұл күннің ерекше бақыт сыйлағанын ата-аналар қуанышпен жеткізді. 

03.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 64
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694