САРЫСУДА АӘК АЛАТЫНДАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

САРЫСУДА АӘК АЛАТЫНДАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Халықты жұмыспен қамту – күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Өйткені жұмыссыздық азайған жерде әлеуметтік, тұрмыстық мәселе де біртіндеп кеми түседі. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына негіз болатын бірден-бір тетік – «екі қолға бір күрек іздегендерді» лайықты жұмысқа орналастыру. Оның ішінде жас мамандарға жолдама беру, кәсіпке бейім азаматтардың өз ісін ашуына жағдай жасау, кейбірін оқыту курстарынан өткізу секілді толып жатқан шаруаларды атқару өңірдегі мансап орталықтарының негізгі міндетіне жатады. Бұл жұмыстар Сарысу ауданында жүйелі жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін ауданда жұмыс сұрап өтініш білдірген тұрғындар саны 2 мың 667-ні құраған. Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2 мың 380 адам тартылыпты. Биыл 3 мың 88 сарысулықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, қазіргі уақытта меже 77,1 пайызға орындалған. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 882 адам орналасса, қоғамдық жұмыстарға 681 адам тартылған. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан 289-ы өтсе, «Жастар тәжірибесі» бойынша 166 жастың қолына жолдама беріліпті. Әлеуметтік жұмыс орындарына 76 тұрғын жіберілсе, 36 адам алғашқы жұмыс орындарын тапқан. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында – 2, «Күміс жас» жобасы бойынша 43 азамат жұмыс тапса, онлайн оқытудан 162 адам өтіп, өз ісін ашқысы келіп жүрген 43 тұрғын қайтарымсыз қаржы алу арқылы өз ісін бастаған. – Қ ы с қ а м е р з і м д і к ә с і п т і к оқыту бойынша 50 адамды оқыту жоспарланған. Жұмыс берушінің орнында оқыту бойынша жоспары 20 адамды құрап отыр. Олар осы айда оқу орындарына жолданатын болады. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша 147 азаматты оқыту жоспарлануда, бүгінде 162 адам аталған мәселе бойынша сауаттылығын арттырып, қолына сертификат алды. Кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз грант қаражатын беру бойынша жылдық жоспар 73 адам болатын. Оның ішінен грант қаражаты 43 адамға берілгенімен меже жыл аяғына дейін орындалады. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына 265 адамды оқыту жоспарланғанымен меже асыра орындалып отыр. Шағын несие бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5 пайыздық жеңілдетілген микрокредит аудандағы қолынан іс келеді-ау деген және құжаттары талапқа сай 14 жасқа беру көзделіп, осы күнге дейін 18 адам шағын несиемен қамтылды. Жоспардың орындалуы сонда 128,6 пайызды көрсетіп отыр. «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру жоспары 294 адам болса, ол да жыл аяқталғанша орындалады деген үміттеміз. Қалған межелер көзделген нәтижеден артығымен, кейбірі 100 пайыз орындалуда. Жыл басынан бері тұрақты жұмыспен 882 азамат қамтылды. Жылдық жоспар – 1 544 адам болса, нәтиже 57,1 пайызды көрсетіп отыр. Дегенмен ауданда жұмыссыз ретінде 1 117 адам есепте тұр, – дейді аудандық мансаптық орталық директоры Ильяс Домалақов. Ауданда аз қамтылған және жағдайы жоқ отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру ісі де сәтімен жүргізілуде. Осы жылдың қыркүйек айына дейін атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 421 отбасы құжат өткізген. Казіргі таңда аудан бойынша әлеуметтік көмек 1 545 адамнан тұратын 308 отбасыға тағайындалыпты. Тарқата айтсақ, атаулы әлеуметтік көмекке ауылдық елді мекеннен 56 отбасы, қалғаны Жаңатас қаласынан қол жеткізген. 116 отбасының табысы жан басына шаққанда кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты, яғни учаскелік комиссия жасаған акт қорытындысына сәйкес оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған. Қалған құжаттар учаскелік комиссияның қарауында жатқан көрінеді. – Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартты ақшалай көмек 204 отбасындағы 1 132 адамға, ал шартсыз ақшалай көмек 104 отбасыға тағайындалды. Осы жылға жоспар бойынша нысаналы индикатор – 81 пайыз. Казіргі таңда меженің орындалуы 78,1 пайызды құрап отыр. Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды 330 адам болса, оның ішінде 258-і жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтсақ, тұрақты жұмысқа 33 адам орналасса, қоғамдық жұмысқа 40 азамат тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандардың саны – 8. «Жастар тәжірибесі бойынша 3 жас маман қолына жолдама алса, тағы осыншамасы қайтарымсыз қаржыға ие болды. Тұрақты жұмысы бар адамдар саны 171-ді құрайды, – деді И.Домалақов. Қала және ауылдық округтегі отбасылардың қайсысынан қанша отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырғанын сөз етсек, Жаңатас қаласынан былтыр – 383, биыл 252 отбасыға тағайындалған. Сол секілді байқадамнан былтыр – 50, биыл – 9, Жайылмадан былтыр – 18, биыл – 8, Жаңаталаптан былтыр – 12, биыл – 5, Жаңаарықтан былтыр – 5, биыл 4 обасы атаулы әлеуметтік көмекке ілінген. Сондай-ақ Түркістан ауылдық округінен өткен жылы – 24, осы жылы – 15, Тоғызкенттен былтыр – 12, биыл – 5, Қамқалыдан өткен жылы 12 адам атаулы әлеуметтік көмек алса, биыл мұндай көмек алуға Қамқалыдан ешқандай отбасы мұқтаж болмаған. Игілік ауылдық округінен өткен жылы – 12, биыл 6 отбасыға АӘК тағайындалыпты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ішінде атаулы әлеуметтік көмекті отбасымызға мемлекеттің берген көмегі, Алланың шашқан ырзығы деп санайтындар жетерлік. Қайбір жылдары елдің жағдайы бары да, жоғы да тиісті мекемеге әр балаға 21 мың теңге алу үшін құжат өткізіп, оның ішінде атына ешбір мүлік тіркемеген, өзін жұмыссыз көрсеткен пысықайлар жағдайы жоқтардың несібесіне жағаласқаны көптің көз алдында. Сондықтан мұндай көмек расымен де жағдайы жоқ отбасыларға берілсе, сол әділетті болмақ. Әйтсе де ел ішінде «Аш адамға балық бергенше, балық аулайтын қармақ бер» деген сөз бар. Аз қамтылған отбасыларға ж е ң і л д ет і л ге н н е с и е н е м е с е қайтарымсыз қаржы беріп, олардың кәсіп ашуына жағдай жасау бірнеше жылдан бері жүзеге асып келеді. Сарысу ауданында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылардың саны былтырғыға қарағанда едәуір азаюы осының жемісі деп білеміз.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ nurymsyrgabaev28@gmail.com
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590